ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

19:35, 8 қараша 2019

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы өтті. Отырыста облыстық бюджет, "Павлодар облысының Құрметті азаматы" атағын беру және 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібінде бірінші болып 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет мәселесі көтерілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев, аймақ бюджетіне қосымша 20 млрд 700 млн теңге түсетінін атап өтті.

Мақсат Тұрлыбаев, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Оның ішінде 2,4 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру көлемін ұлғайту есебінен. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту және жөндеу. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу, мүгедектерді қолдау, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, еңбек нарығын дамыту бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге қосымша 1,4 млрд.теңге бөлінді.

Қалыптасқан экономикаға байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау салаларында республикалық бюджеттен бөлінетін жекелеген нысаналы трансферттер көлемінің азаюы жүргізілді. Бюджеттің кіріс бөлігі өзгертілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шараларды және жедел шешуді талап ететін басқа да мәселелерді қарастырудан бюджеттік бағдарламалардың облыстық әкімшілеріне бекітілген қаражат қайта бөлінді. Баяндаманы тыңдаған халық қалаулылары бір ауыздан өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.

Анатолий Бойчин, облыстық мәслихат депутаты:

Жалпы сомасы 2,4 млрд.теңгеге бюджетке жеке түсімдерді түзету жүргізілді. Барлығы 4,3 млрд теңге әлеуметтік мәселелерді шешуге, ТҮКШ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және т.б. жұмсалады. Қабылданған шаралар облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді сөзсіз қамтамасыз етеді. Құрметті әріптестер, осы өзгерістерді қолдауларыңызды ұсынамын.

Бұдан әрі күн тәртібінде аймақтың еңбек сіңірген сегіз адамына "Павлодар облысының Құрметті азаматы" атағын беру мәселесі талқыланды. Депутаттар атақ беру туралы шешімді қолдады. Сонымен қатар, сессия жұмысы барысында аймақта 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндама тыңдалды.  Бүгінгі күні облыстың жалпы ішкі өнімі көлемінде ауыл шаруашылығы өндірісінің салмақты үлесі 5% - ды құрайды, - деп ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы баяндады.

Нұрлан Садыбеков, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға соңғы 3 жылда 86,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде бюджеттен 46 млрд теңге және ҚазАгро құрылымдары арқылы несиелеу 40 млрд теңге.

2017-2019 жылдары жалпы сомасы 30 млрд теңгеден астам 141 инвестициялық жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін 19 млрд теңге сомаға 41 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...