ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

20:00, 3 шілде 2020

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Елорда күніне орай ел презиеденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетті. Павлодар облысының 15 медицина қызметкері «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Халық денсаулығын сақтау жолындағы жанкешті және ықтиятты жұмыстары үшін медбикелер, бөлім меңгерушілері, медициналық мекемелер басшыларының орынбасарлары да атаусыз қалмады. Дәрігерлермен кездесу барысында Павлодар облысының әкімі медицина қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Әбілқайыр Сқақов жақын арада өңірге 33 жаңа өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілетінін айтты. Сондай-ақ, қазіргі қиын-қыстау кезеңде алғы шепте жүрген жандарға құрмет көрсету үлкен мәртебе екенін жасырмады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Сіздердің еңбектеріңіз ерекше зор құрметке ие, жауапты қызмет. Бүгінгі пандемия кезінде сіздер алдынқы қатарда күресіп, қызметіңізді адал атқарып келесіз. Мен үшін бүгін сіздермен кездесіп, мемлекеттік марапаттарды тапсыру үлкен мәртебе.

Назира Смағұлова, №3 қалалық аурухананың қызметкері:

Күннен күнге науқастардың саны сағат сайын асады. Бұрын тәулігіне 80-70 қана алатын болсақ, қазір 100-ден асады, 150-ге дейін жетеді. Оның 30 пайызы жасанды желдендіруге талап ететін сондай ауыр түрде жеткізілетін науқастар.

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
10:49, 3 тамыз 2020
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...