ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

МАЙ АУДАНЫНДАҒЫ «БИЗНЕС БАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАРЫСЫ

18:45, 13 тамыз 2019

ERTIS арнасы ел Президентінің нақты 10 тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше ден қоюда. Оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрмысы – басты назарда. Май ауданынына сапары барысында облыс әкімі шаруа қожалықтарымен және қожалық иелерімен де кездесті. Кездесу барысындағы нақты қойылған сұрақтардың бірі - Май ауданында қой шаруашылығының дамымағандығы және табиғаты мен климаты бұл туралы не айтады? – деген сауал болды.

Мемлекет ауыл шаруашылығы үшін барлық жағдайды жасауда.  Сонда да,  малды бағуға біреу шопан жоқ , - десе, енді  біреулер әлі күнге дейін  тиісті бағдарламалар туралы білмейді. Аймақ басшысы Көктөбедегі көкөніс өсіретін кешенге де арнайы ат басын бұрды. Онда кәсіпкер  Рымбек Нұрболат 1 жыл ішінде 500 шаршы метрлік екі жылыжайды іске қосып, үшіншісін салуға дайынмын, деп отыр. Басты кәсібі -  қияр, қызанақ өсіру, алқаптарында қытай қырыққабаты да бар.

Рымбек Нұрболат, кәсіпкер:

Мен өзім ҚХР нан көшіп келгем. Ол жақта да 20 жылдай осы жылыжай ісімен айналысқанмын. Мұнда келгелі де сол кәсібіиді  жалғастырудамын. Мамандығым – агроном. Нәтиже жаман емес, осылай айналысып жатырмын.

Қаратерек ауылының тұрғындарымен кездесуде аймақ басшысы тұрғындар өтініштеріне жеке-жеке тоқталу қажеттігін айтып өтті.   Себебі,  әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Гүлнар  Қылышева Қаратерек ауылындағы бала бақшада жұмыс жасайды.  Өзі 4 баланың анасы.  Атаулы әлеуметтік көмек алғанына қарамастан, «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алып, өзінің шағын кәсібін дөңгелетуге кіріскен.

Гүлнар Қылышева, Қаратерек ауылының тұрғыны:

Тіршілік ету керек. Жоқ-жоқ дей беруге болмайды. АСП алсам да өз басым жұмыстан қашпаймын. Қайта сол АСП ның қызығын көріп, кәсібімді кеңейтіп алсам деймін. Тіршілік жасау керек, айтарым.

Аудандағы АӘК алушылармен арнайы кездескен  облыс әкімі:  иә, мемлекет барлық жағдайды жасауда,  бірақ әркім өзінше еңбектеніп, қоғамдағы тәуелділікті жою – әлдеқайда дұрыс, - дегенге тоқталды.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
18:51, 19 тамыз 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...