ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

КЕНЖЕКӨЛ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

12:36, 17 қаңтар 2020

Кенжекөл ауылының әкімі өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Былтырғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді саралаған ауыл әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар сұрақ-сауалдарын жаудырды.

Серік Шуақбаев, Кенжекөл ауылының әкімі:

ҚР президентінің жарлығына сәйкес, жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдерінің халық алдында есебі өткізіледі. Бүгін Кенжекөл ауылдық округінің тұрғындарымен осындай кездесу өткізіледі. 2020 жылдың 1-ші қаңтарында Кенжекөл ауылдық округында тұрғындардың саны 9 мың 128 адамды құрады. Бүгінгі кездесуге 280 адам қатысып отыр.

Есеп беру жиындарында барлық деңгейдегі әкімдер елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етуге міндетті. Кездесуде белгілі болғандай, 2019 жылы Кенжекөл аулының әкімі аппаратының бюджеті 235 млн 318 мың теңгені құрады. Ауыл әкімі өз сөзінде, шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту басты бағыт екенін апат өтті. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 адам мал шаруашылығын дамытуға 16 млн. теңге көлемінде грант алды. Сол арқылы 16 бас ірі қара, 23 жылқы және 142 бас қой сатып алынды.

Серік Шуақбаев, Кенжекөл ауылының әкімі:

Барлықтарыңыз білесіздер, 2 жыл бойы біздің жергілікті атқарушы органымыз жергілікті бюджеттің 4-ші деңгейде жұмыс істеп келе жатыр. Ол деген аймағымызда істеліп жүрген жұмыстарымыз тек қана жергілікті қауымның қатысуымен барлық жоспарымыз бен шаруаларымыз көпшіліктің өкілдерімен мақұлдауы және қолдауымен іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, есептік кездесуде жолдар мәселесі де сөз болды. Былтыр Кенжекөл ауылында екі көшеде асфальт төселді. Осы жылы қалған көшелерді асфальттау жоспарда бар. Сонымен қатар, ауылды жарықтандыру мәселесі де шешімін тауып жатыр. Баяндамадан соң әкім халықтың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындарды су мәселесі мен балаларға арналған спорттық орындар алаңдатады.

Серік Шуақбаев, Кенжекөл ауылының әкімі:

Түгеліне су өткізіледі. Тура фундаменттің жанына. Ал қалғаны үйге кіргізген кезде, өздеріңіз кіргізесіздер. Өздеріңіз кіргізіп, істейсіздер. Ал мини футбол алаңы туралы бюджетке қаражат бөлінген. Земельный участок оформить еттік. Сәуір айында Құдай бұйырса орнатамыз.

Кездесуді қорытындылаған шаһар басшысы Қайрат Нүкенов, Кенжекөл ауылында ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселелерді көтеріп тиісті сала басшыларының жауаптарын тыңдап, тапсырмаларын берді. 

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
11:00, 20 ақпан 2020
ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
10:55, 20 ақпан 2020
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар