ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАР ТАЗАЛАУ КӨЛІКТЕРІ

19:02, 25 қазан 2019

Аймақ басшысы Болат Бақауов қар күреу техникаларының алдағы қысқы маусымға дайындығын тексерді. Облыс орталығында қармен күресуге арналған 200-ге жуық техника бар.

Өңірде Ресейлік мамандар құрастырған ауыр техникалар да бар. Бұл машиналар жұмыс өнімділігін арттыруға сеп. Қатар-қатар тізілген бұл көліктердің барлығы облыс әкіміне таныстырылды.

Ринат Уәлишанов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

Бізде Павлодар қаласы бойынша 200 бірлік техника бар. Бұл тек қар тазалауға арналған көліктер. Ал, Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы техникалар да бар. Олар тек, оқыс оқиғалар орын алған кезде ғана шығарылады. Яғни, қыста жолда қалған көліктерге шұғыл көмек көрсетеді. Құтқару жұмыстарымен айналысады.

Ал, жедел құтқару қызметінің балансында облыс бойынша 34 бірлік көлік қызмет жасайды. Олар апаттық жағдайда ғана жұмылдырылады.

Владимир Власов, өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі басшысының орынбасары:

Биылғы жылы біз Баянауыл ауданында жұмыс істедік және Ақмола облысында Төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатыстық. Біздің құрамалар су тасқыны немесе елді мекендерді су басу қаупі төнген жағдайларда ғана тартылады.

Айта кету керек, аймақта ерекше мақсаттағы 9 техника бар. Ол ыңғайсыз орналасқан  жерде кедергісіз қозғала алады. Мысалы «Трэкол» көлігі. Ескі шынжыр табанды жол талғамайтын техникаларынан бөлек, ТЖ департаментінің паркі ресейлік өндіріс машиналарымен толықтырылып отыр. Олар алға қойылған міндеттерді орындауға көмектеседі. Төтенше жағдайлар департаментінің техникасынан басқа "Горкомхоз" ЖШС техникасы де ұсынылды. Бұл ұйым Павлодар жолдарында тазалықты сақтаумен айналысады. Өңір басшысы сала мамандарына щаһар тазалығына жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Ну, достаточно, чтобы в городе порядок был? Да, да, достачно! Мы ежегодно осматриваем технику надо жестко контролировать. Тем более они опыт имеют. Город весь хорошо знают.

Өз кезегінде қала әкімі Қайрат Нүкенов облыс орталығының қар астында қалмайтынына сендірді. Себебі, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар сақадай сай тұр.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

100 - ге жуық техника қысқы уақытта қаланы тазалауға шығуға дайын. Техниканың техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Біз бүкіл қаланы тазалаймыз.

Сондай-ақ, қала басшысы көктайғақпен күрес тақырыбын да қозғады. Оның айтуынша, қоспа құрамы мәселесі әлі қарастырылуда.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
11:00, 20 ақпан 2020
ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
10:55, 20 ақпан 2020
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар