ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

19:19, 15 мамыр 2019

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев өңір кәсіпкерлерімен кездесудің дәстүрге айналдырып, бүгін тағы бір жиын өткізді. Бұл кезекті бесінші кездесу.

Кәсіпкерлер сағаты» өңір бизнесмэндерінің шаһар басшысымен бетпе-бет кездесіп, көкейкесті мәселелерін айқындайтын диалог алаңы. Бұл жерде тек қана пікірлер талқыланып қана қоймай, әр кәсіпкер өзінің ұсыныстарын да айта алады. Сонымен қатар сан салалы мемлекеттік мекемелермен тікелей байланысуға мүмкіндік бар. Жиын барысында Денис Трусов павлодарда енді қарқын алып келе жатқан велоинфрақұрылымды жаңғыртуды ұсынды. Бұл бағытта кәсібін дөңгелетіп отырған Денис велоспортшыларға арналған қоршаулы жолдың болмауы кедергі келтіретінін айтып, оны шешу жолдарына да тоқталды.  

Денис Трусов, кәсіпкер:

Дамыған мемлекеттерде мұндай кедергілер жоқ. Сондықтан бізде де солай болса деймін. Мысалы, велосипед жолының жиектері мен жақтаулары қоршалған болса, жаяу жүргіншілер кедергі жасамас еді. Не болмаса, кішігірім архитектуралық формалар орналастырылса, деп ойлаймын. Ал, бізде қазір тас жолдағы сызықтардан басқа ештеңе жоқ. 

Әнуар Күмпекеев кәсіпкерге басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, ТҮКШ-мен бірлесіп осы бағыттағы нақты жоспар әзірлеуді ұсынды.

Әнуар Күмпекеев, Павлодар қаласының әкімі:

Тек қана Қазақстандағы емес, басқа мемлекеттердің тәжірибесіне де көз жүгіртіңіз. Мысалы, Ресей, АҚШ, Еуропа. Міне, ТҮКШ басшысы да осы жерде отыр. Қазір жиыннан кейін өзара ақылдасып, жоспар құрыңыздар.

Бұл, шаһар басшысының кәсіпкерлермен өткізіп отырған бесінші кездесуі. Осы аралықта биснес тақырыбындағы сауалдарымен 50-ден астам тұрғын жүгінген. Олардың 70%-ның мәселесін шешім тапқан. Ал, қалғаны қаралым үстінде.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Валерия СТЕПЧУК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар