ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

12:05, 24 қаңтар 2020

Биыл Павлодар қаласында екі мектептің құрылысы басталады.

Оның бірі Затон шағын ауданында салынса, екіншісінің іргетасы Сарыарқа мөлтек ауданында қаланады. Бұдан өзге, шаһарда осы жылы 8 инвест жоба жүзеге асады. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Нүкенов, есептік кездесуінде мәлімдеді. Бұл қала әкімі Қайрат Нүкеновтің шаһар тұрғындары емес, қоғамдық кеңес мүшелері алдындағы есебі. Алдымен, өткен жылы облыс орталығында атқарылған жұмыстар жайлы бейнебаян көрсетілді. Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіш көңілден шығады. Әсіресе, өткен жылы қалада бірде бір ана өлімі болмағаны көңілге медет. Тұрғын үй қырылысы да қарқынды. Былтыр, 203 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Құрылыс биыл да жалғасады.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Биыл Сарыарқа шағын ауданында 10 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Достық шағын ауданында 2019 жылы 6 үйдің құрылысы басталған. Құрылысқа жеке инвестициялар тартылуда. Атап айтқанда, жалпы аумағы 33 мың шаршы метр болатын көп қабатты үйді салуға жеке компания ниет білдірді.

Сонымен қатар, осы жылы Затон шағын ауданында 350 орындық, ал Сарыарқа мөлтек ауданында 650 оқушыға арналған мектеп құрылыстары басталады. Соңғысының құрылысын аяқтау 2021 жылға жоспарланған. Осы жылы қалада жалпы құны 18 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ал, ауылшаруашылық саласында жалпы өнім көлемі артты.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Аграрлық секторда және қайта өңдеу саласында азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 1 млрд теңгеден астам инвест жобалар іске асты. Жыл қорытындысы бойынша, ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 12 млрд 500 млн теңгені немесе 2018 жылға қарағанда 116 пайызды құрады.

Биыл қалалық автопарк тағы 15 жаңа автобуспен толығады. Осы жылы шаһардағы көпқабатты үйлерде 10 лифт ауыстырылып, әкімдік 2021 жылы жеделсатыларды жаңартуды 50 пайызға жеткіземіз деп отыр.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
10:50, 18 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар