ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

18:23, 28 шілде 2020

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қаланың жаңа басшысы Ержан Имансләмді таныстырды. Ержан Имансләм 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған.

1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Имансләм Качир ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды. Содан кейін жеке заң тәжірибесімен айналысты, ал 2005-2008 жылдар аралығында Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2008- 2011 жылдары Ержан Имансләм Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.  2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Имансләм Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін  Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ), оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасының басшысы болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
10:49, 3 тамыз 2020
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...