ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

15:21, 19 маусым 2019

Облыс әкімдігінде кадрлық ауыс түйіс. Ринат Қойсоймасов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Кадрлық тағайындау жалғасуда. Павлодар облысы әкімінің өкімімен Саят Сауқымбеков Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол 14 жыл басшылық қызметте жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл жаңа маңызды құрылым. Бұған дейін ол мемлекеттік кіріс департаментінің жанында болған.   Экономикалық тергеу департаменті қаржы мониторингі комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады және экономикалық, қаржылық-қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің алдын алу және жолын кесу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Жұмыс орындарыңызда табыс тілеймін.


Марина САХАРОВА, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар