ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ИНВЕСТЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

21:37, 22 қыркүйек 2020

"Павлодарэнерго" АҚ 2-ші, 3-ші Жылу электр станцияларында инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Бұл ондағы жұмыстардың тоқтамай, тұтынушылардың қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.

3-ші Жылу электр орталығындағы жобалардың бірі - станциялық үйлестіргіш жабдықты орнату. Оны "Павлодарэнерго" АҚ іске асыруға 211 млн теңге жұмсады. Аталмыш станцияда үйлестіргіш жабдық бүкіл станцияны автоматтандырылған электр және жылу жүктемесі режимінде ұстап тұру үшін енгізілді. Ол 3-ші жылуэлектр орталығының бес қазандық агрегаты мен бес турбина агрегатын басқарудың жергілікті жүйесін бір бірімен біртұтас тізбеден байланыстырып тұрады. Жабдықтар қазандар істен шыққан уақытта белгіленген параметрлер арқылы істен шықпай тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Станциялық үйлестіргіш жабдық басты бу құбырындағы бу қысымының теңгерімделуін жəне турбиналы  генераторлардың жүктемесін автоматтық режимде қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде апаттық жағдайдың туындауын және жабдықты жоспардан тыс тоқтату қауіпін төмендетеді. Айта кетейік, аталмыш 3-ші Жылу электр станциясы қаланың 40 пайызын жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Вадим Лесин, "Павлодарэнерго" АҚ бас директорының орынбасары:

Былтыр инвест бағдарлама арқылы жаңа жоба жүзеге асты. Бұл станцияның жылу қуаттылығын басты реттегіш. Ол белгіленген жылу электр жүктемені берілген кесте бойынша беруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе Қазақстанда қуаттылықты енгізуге байланысты қосылды. Біз оны толығымен қолданып жатырмын.

Одан бөлек, 3-ші Жылу электр орталығында инвестбағдарламалар  аясында жаңа жоба "Прана" диагностикалау және алыстан бақылау жүйесі енгізілді. Жүйе соммасы 195 млн 387 мың теңге. Бір секунд ішінде "Прана" жұмыс істеп тұрған энергоблоктың 2500 параметрін өңдейді. Ағымдағы деректерді математикалық модельдермен салыстырып, пайда бола бастаған ақауларды автоматтық режимде анықтайды.Ол турбиналы агрегаттағы  кемшіліктер мен авариялардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді, энергетикалық қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, жоспардан тыс тоқтап қалуын қысқартады. Сонымен қатар, пресс-тур барысында инвестициялық жобалардың қатарына енетін күл үйіндісіне атбасын тіредік.

Мирас Зерікбаев, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы орынбасарының м.а:

Бұл бойынша  2019 жылы жұмысы атқарылды. Бұл шаралар бойынша құжаттармен дайындаған болатын. Бүгін көбен көріп тұрмыз. Келе жатыр.

Аумақта қазір жұмыс жасап тұрған және алдағы уақытта іске қосылуы тиіс бірнеше күл үйіндісі орналасқан. Жаңасында əзірге жұмыстар қарқынды емес, мәселенің бəрі қаржыға келіп тіреледі.Онда əлі қазба жұмыстары жасалып, геомембранна орнатылуы керек. Осы ретте күл үйіндісіне жауапты басшылар бұл жаңа жоба 10 жыл қызмет ететінін айтып, маңыздылығын түсіндірді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар