ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЕЛМЕН ЕТЕНЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ПАРТИЯ

10:38, 20 ақпан 2020

«Нұр Отан» партиясы елдің дамуы жолындағы өзекті мәселелерді басты назарда ұстаумен қатар, оларды оңтайлы шешудің бел ортасында болады. Павлодардың түбіндегі Новочерноярка елді мекенінде пеш жағып , күл шығарып отырған көпқабатты үй тұрғындарының 20 жылдан бергі мәселесі шешілетін болды. Өңірдегі басқа да қордаланған түйінді түйткілдер «Нұр Отан» партиясының бақылауына алынды. Аймаққа келген Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жергілікті тұрғындармен кездесіп, шағымдарына құлақ түрді.

Павлодардың іргесіндегі Новочерноярка ауылындағы 16 үй апатты деп танылған.  Әйтседе мұнда 800 ге жуық адам тұрып жатыр.  Көп қабатты үйдің тұрғындары пәтер ішінен пеш жағуға мәжбүр.   Жергілікті мектепке жас маман ретінде келген Әсел Исалинаға баспана осы үйлердің бірінен беріліпті.

Әсел Исалина, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

Пеш жағу өте қиын. Өйткені 3-ші қабатқа көмір тасимыз. Жолдасым бар. Бірақ ол болмаған кезде өзім тасимын. Күніне 6 шелек. Ол өте ауыр.  

Руслан Мансуров, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

Ауа тазартқыш жоқ. Бастапқыда болған ғой, біз оның орнына пештің мұржасын жалғап қойдық. Түнде көмір салмай, ағашпен жылытамыз. Иіс тиюден қорыққандықтан осылай амалдауға тура келеді.

Мәселенің шешілмегеніне 26 жылдан асты. Ауыл, аудан, облыс әкімі де білді. Тұрмыстың бейнетін тартқан тұрғындардың зарына құлақ асқан ешкім жоқ. 

Бауыржан Байбек «НҰР ОТАН» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Сіздерде келесі жылыту маусымы қашан басталады? 1-ші қазан. Онда сол уақытқа дейін мәселесін түбегейлі шешініздер. Адамдарға өте қиын бұлайша тұру. Жағдайдың оң шешілуін   онлайн режимде бақылап отырамыз. 

Жылу жүйесін реттеуге облыстық бюджеттен 522 млн.теңге қаражат бөлінетін болды. Павлодардағы жерасты суынан зардап шегіп отырған  тұтас шағын ауданның мәселесі де  төрт жылдан бері шешімін таппай келеді. Әсіресе, көктемде  500 ге жуық үй су астында қалады.

Алтынай Ниязова, қала тұрғыны

Кететін су жоқ, одан сайын біздің жертөле суға толып отыр. Міне 28 КАМАЗ су шығардық. КАМАЗ дегенің 40 тонналық үлкен-үлкен камаздар. Су деген үйдің астынан қысы-жазы кетпейді.

Жергілікті билік қолдан келгенді жасағанымен, нәтиже болмады. Енді бұл мәселенің оң шешілуін Нұр Отан партиясы өз бақылауына алмақ. Шағын ауданда суағарлар салып, кәріз жүйесін тартуға 500 млн тг астам қаржы бөлінбек.  Қаражатты мақсатты жұмсап, істі аяғына дейін жеткізуді Бауыржан Байбек мықтап тапсырды. Өңірдегі өткір мәселелер бұдан кейін партия филиалының кезектен тыс сессиясында талқыланды.

 

Болат АМАНБАЕВ

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
15:12, 18 наурыз 2020
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...