ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ? Толығырақ

ӘКІМДІКТЕГІ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

19:19, 5 желтоқсан 2019

Облыстық әкімдікте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссия отырыс өтті. Бұл – жылдың соңғы, яғни төртінші бас қосуы. Келелі кеңесте 4 сұрақ талқыға салынды. Оның ішінде өрт қауіпсіздігі, су басудың алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолдарының қыс мезгіліне дайындығы сынды өзекті тақырыптар бар.

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орт және су ресурстары аймақтық басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаева хабарлағандай, су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі Жол картасына сәйкес Баянауыл ауданы Ащысу өзенінде тазарту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, жағалаулар нығайтылуда. Бірақ қазір көктемге дейін, су тасқынының басталуын күтпестен, орындалған жұмыстың сапасын тексеру қажет, деп атап өтті облыс әкімі.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Будете говорить, что воды было больше, чем каждый год. Все дноуглубительные работы, по укреплению всех протоков на контроль.

Өңір басшысы сала мамандарына жағаны нығайту жөніндегі жұмыстарда габион сияқты материалдарды пайдалану орынды ма деген сұрақ қойды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Біздің габиондар Усолкада сақталмады, екі метрлік мұз блоктары болды. Бұл габиондар қалай сақталады? Осы сұраққа сауап беріңіздерші.

Егер Баянауыл, Май және Ақтоғай аудандарында су тасқынына дайындық көбінесе жергілікті жерде қабылданатын шараларға байланысты болса, онда облыстың басқа бөліктерінде Шығыс Қазақстан облысындағы көршілермен тығыз байланыс орнату өте маңызды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Біз судың төмендеуін бақылауымыз керек. Ленин, Ақсу, Көктөбеде су тасқыны болмайды. 6,5 - 6,8 текше шақырымды тыныштықпен қабылдауға болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша биыл қыста қар аз жауады және күн райы қатты суытпайды. Бірақ, жергілікті билік органдары мен төтенше жағдайлар Департаменті табиғи құбылыстарға барынша дайын болуы шарт.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...