ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ АРНАМЫЗҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ

15:59, 25 маусым 2019

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов біздің арнамызда қонақта болып, «Ертіс адалдық алаңы» бағдарламасының тұсауын кесті. Мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтары қандай? Үкімет халықтың жағдайын түзеп, тұрмысын жақсарту үшін қандай шаруалар атқаруда? Жергілікті билік жұмыссыздық көрсеткішін қалай төмендетпек? Жастар жылынан не күтеміз? Жемқорлықпен күресудің жолдары қандай? Осы және өзге де көрермендерімізді толғандырып жүрген сұрақ-сауалдарға жауап берді.

Облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанына үш айдың жүзі болған Асхат Раздықұлы, өңірдің басты арнасына алғаш рет бас сұқты. Аймақ басшысының орынбасары мен көрермендер арасында алтын көпір болған арнамыз арқылы  тікелей эфирде студиямызға жолданып жатқан сұрақтарға толассыз жауаптар беріліп отырды. Асхат Раздықұлы: алғаш рет студияға бас сұққанымда тікелей эфирдің соншалықты жанды әрі әсерлі болатынын ойламаппын, - деп алған әсерімен бөлісті.

Облыс әкімі орынбасары жергілікті билік өкілдері мен халық арасында қашан да байланыс болу керектігін, әрі оның мүмкіндігінше тікелей орнатылуын құптайды.

Арнамызға арнайы келген Асхат Раздықұлы аймақтың басты арнасы – «ЕRTIS» телеарнасының тыныс-тіршілігімен жақын танысып, арна қызметкерлерін  алда келе жатқан БАҚ өкілдері кәсіби мерекелерімен құттықтауды да ұмытпады.

Арнамыздың басшысы және тілшілерімен кездесуі барысында Асхат Оралов алда әлі де шешілуі керек маңызды мәселелерді бірге атқаруға, жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...