ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ

18:48, 14 тамыз 2019

Ертіс өңірінде күзгі дала жұмыстары қызған сәт. Павлодарлық диханшылар мен егіншілер қазіргі күннің өзінде 800 мың гектарға жуық астық орып, 17 мыңнан артық алқаптан картоп жинап үлгерген. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында сала басшысы Нұрлан Сәдібеков мәлімдеді.

Күзгі егін жинау науқаны басталғалы павлодарлықтар 1,1 миллион гектардай алқаптан өнім алған. Оның 785,7 мың гектары дәнді дақылдар болса, 210 мың гектары майлы дақылдар. 17,8 мың гектардың картобы жиналса, басқа да көкөністер мен бақша дақылдарының 9,3 гектары алынды. Орылған егіннің орташа өнімділігі гектарына 8,6 центнер.

Нұрлан Сәдібеков, ауылшаруашылық басқармасының басшысы:

Болжам бойынша гектарына 10,1 центнерден аламыз деп жобалағанбыз. Бүгінгі таңда 7,8 мың гектар алқаптан егін орылды. Орташа өнімділігі гектарына 8,6 центнер. Ең жоғарғы көрсеткішті Шарбақты, Тереңкөл аудандары көрсетуде.   

Күзгі дала жұмыстарына биылғы жылы 21 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Операторлық қызметпен қоса есептегенде солярканың бір литрі 171 теңгені құрайды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
18:51, 19 тамыз 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...