ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

«ДОСТЫҚТА» ҮЙЛЕР САЛЫНА БАСТАДЫ

12:54, 13 желтоқсан 2019

Облыс орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан «Достық» шағын ауданында көп қабатты үйлердің құрылысы басталды. Қазірдің өзінде төрт тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Болашақта бұл аумақта мектеп, балабақша және емхана салу жоспары бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаһар басшысы Қайрат Нүкенов мәлімдеді.

«Достық» шағын ауданындағы үйлерді қолданысқа беру 2020 жылға жоспарланған. Соған қарамастан ол аумақта қазір екі үйдің іргетасы қаланып, құрылысы басталып кетті. Жақында ғана тағы екі үйге тендер ұтып алған мердігер компания да жұмысқа кіріседі. Журналистерге қаланың ағымдағы жылдың 11 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берген Қайрат Нүкенов, осылай деді.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Яғни, қазір төрт үйдің құрылысы жүріп жатыр. Біз ол жерде шамамен 15 үйдей салатын боламыз. Оның жобалық сметалары жасалып жатыр. Сонымен қатар, мектеп пен балабақша салынады. Қалған үйлерді келесі жылы бастаймыз деп, жоспарлап отырмыз. Бұл әзірге жоспар.    

Жаңа шағын ауданда болашақта емхана салу да көзделіп отыр. Мектеп пен емхананың әзірге жобасы жасалуда. «Оған республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы сұрайтын боламыз. Өйткені, миллиардтан артық теңгені шаһар  бюджеті көтермейді», дейді қала басшысы. Айтпақшы, осыдан бір айдан астам уақыт бұрын біздің эфирден Затон мөлтек ауданындағы  №4 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты маңындағы ағаштардың кесіліп жатқаны жөнінде сюжет өткен. Қаланың балансындағы бұл аумаққа мектеп салынатыны белгілі болды.  

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Сол жерге мектеп салынады 350 орынға. Жұмыстар уже басталды.

Болашақта «Достық» шағын ауданын кеңейту мақсатында сол жердегі саяжайларды сатып алу жұмыстары атқарылады. Ол үшін ең алдымен нарықтық бағасы бекітіліп, сараптама жасалады. Әйтесе, саяжайларды тегін тәркілеу деген болмайды, дейді қала әкімі.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
11:00, 20 ақпан 2020
ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
10:55, 20 ақпан 2020
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар