ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІ3ІЛДІ

19:20, 14 маусым 2019

2019-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Медицина, білім, спортты дамуты секілді әлеуметтік салалары қосымша қаражатты қажет етеді. Облыстық мәслихаттың 31-ші сессиясында бюджет жобасын депутаттар бір ауыздан мақұлдады.

Сапалы жұмыстың арқасында артта қалған бес ай ішінде облыс бюджеті 4,8 млрд теңгеге толыққан. Қоршаған ортаны қорғау бойынша 1,9 млрд теңге түссе, әкімшілік айыппұлдардан 932 млн теңге өндірілген. Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды сату арқылы табыс көрген.

Мақсат Тұрлыбаев, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы:

2018 жылы медициналық ұйымдарды сатудан түскен 1,2 млрд теңге түсімдер қарастырылды. Бюджеттің шығыс бөлігінде бірқатар обективті себептермен жылдық қаржыландыру көлемдері жалпы 4 млрд теңге сомаға қайта қаралды.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қосымша 330 млн теңге қарастырылып отыр. Оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін тағы 235,5 млн қаражат қажет. Бұл үшін Екібастұз, Ақсу қалаларында 14 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Білім саласына 1,6 млрд теге бөлінеді. Спортты дамытуға 1 млрд қарастырылған. Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,6 млрд теңге бөлінеді. Ал, сапалы ауыз сумен қамтуға бір млрд теңге жұмсалады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:18, 3 желтоқсан 2019
БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар