ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС

18:45, 14 тамыз 2019

Павлодар облысында 35 мыңнан астам тұрғынның көлікті қарызы бір миллиард теңгеге жуықтап қалған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті төмендетіп, қарызды 800 миллионға дейін азайту керек. Полиция департаменті борышкерлермен күресті күшейтіп жатыр. Әкімдікте өткен кезекті жиында осы мәселе сөз болды.

Жеті айдың қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 907 млн теңге табыс түскен. Жеке тұлғалардың көліктік салықтары есебінен 303 млн теңге түссе, жеке табыс салығынан 254 млн теңге түсім бар. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, әлеуметтік салық және мүліктік салықтан да қазынаға қаржы түскен.

Нұрлан Дүйсембинов, қаржы басқармасының басшысы:

Өңірге келер болсақ қосымша қаржылар негізінен қалалардан түскен. Ал, аудандар арасында Аққулы, Баянауыл және Ертіс аудандары алдыңғы қатарда. Олар 21,6 млн теңге түсірді.

Қосымша түсімдерді өндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп салық бойынша борышкерлерді анықтау жұмысы қолға алынған. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековтің айтуынша, бүгінгі таңда өңір бойынша көліктік салығын төлемеген 35 мың жеке тұлға анықталған. Қарыз көлемі 900 миллионнан асады. Аймақ басшысы тиісті органдар нақты тапсырмаларды қолға алса мұншама борыш жиналып қалмас еді дейді.  

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Бір миллиард теңге қарыздың жыл соңына дейін қаншасын жинап үлгересіздер? Өздеріңіз алдарыңызға нақты міндет қоймай отырсыздар. Егер ондай тапсырма болса баяғыда-ақ өндіріп алар едіңіздер. Салықтық түсім де көп болар еді.

Болат Бақауов, аудандар мен қала әкімдеріне осы мәселе бойынша жан-жақты жұмыс атқаруды жүктеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...