ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

19:02, 27 қыркүйек 2020

Павлодар облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Жиын барысында қатысушылар қазіргі таңда өзектілігін жоғалтпаған сұрақтарды ортаға салды олардың қатарында карантиндік шараларға қатысты кездескен кедергілерге қатысты сауалдар бар.

Бірінші болып салалық ассоциация өкілдері мұң шақты. Туристтік мекемелер атынан Гүлмира Отарғалиева сөз алды. Ол өз кезегінде карантин кезінде ішкі туризм тұраламайды деп сеніп едік, бірақ, үмітіміз ақталмады дейді. Сонымен қатар, Баянауылдағы туристтік базалардың да жағдайы мәз емес көрінеді. Өз бастамаларымен туристтік агенттіктерге хабарласпайды екен.

Гүлмира Отарғалиева, «Павлодар облыстық туристтік ұйымдар» ассоциациясының басшысы :

Демалыс үйлері, демалыс базалары және Баянауыл жеріндегі басқа да туристтік ұйымдар аймақтағы тур фирмалармен жұмыс істегілері келмейді. Сонымен қатар, біздің Мойылды санаториясы да сол сияқты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Міне, біз Баянауылмен не шешу керектігі туралы отыз жыл бойы айтып келеміз деп ойлаймын. Мұнда сындарлы ұсыныстар жоқ. Біз туризмнің екі айлық кезеңінде ғана демаламыз. Бірақ көктем, күз айлары бар ғой. Онда тұнық көл де бар. Егер біз маусымды ұзарту жолдарын тапсақ. Біз табиғатқа тапсырыс бере алмаймыз, бірақ Баянауылдың жағдайына қарай қандай да бір бағдарламаны ойластыруымыз керек.

Гүлмира Отарғалиева туристік ұйымдарға тек экскурсиялық жұмыстар ғана қалатынын атап өтті. Мұнда да кемшіліктер жоқ емес. Облыста өнеркәсіптік туризмнің толыққанды жұмыс істеуі үшін кәсіпорындардың көру алаңдарына қолжетімділік проблемасын шешу талап етіледі.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Өнеркәсіптік туризм қызметін қанша адам алғысы келеді? Егер көру алаңдары ашылса, айына қанша адам осы алаңдарға барады? - Сондықтан мен айта алмаймын, бірақ экскурсияға қажеттілік бізде болады

Құрылыс саласындағы проблемалар туралы Қазақстан Құрылысшылар одағының өңірлік филиалының басшысы Виталий Михеев айтып берді.
Виталий Михеев, «Қазақстан құрылысшылар одағы» ПОФ директоры:

Біз кездесетін проблемалар-бұл жүйелі. Бұл техникалық жағдай, бұл қаржыландыру бойынша артта қалушылық және біздің кәсіпорындардың біздің өңірдегі өкілдікке қатысуы.

Өңір басшысы өңірде осы сала бойынша көптеген мәселелер бар екенін және жағдайды түзету үшін іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Егер қарапайым болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша айта аламын. Егер шартты түрде жергілікті құрылысшылардың Мемлекеттік сатып алуларға қатысуы 50 пайыз деңгейінде болса, қазір 90 пайыз деңгейінде. Бүгінде жергілікті тұрғындар жеңіске жетіп, мердігер атанады.

Егер "коронакризге" жайын айтар болсақ, карантин кезеңінде павлодарлық автопарктерде проблемалар көптеп туындағаны баршаға аян. Тасымалдаушылар демалыс күндері локдаунға байланысты жүргізуші құрамының 20%-ы жоғалғанын айтты.

Василий Рудаков, Павлодар облысы көлік қызметкерлері одағының басшысы:

Нақты әрекет алгоритмі жоқ. Мобильді топтар бар, олардың сыйымдылығы 50 пайыздан аспайды. 5 адамға 5 АЕК айыппұл салынады. Соңғы жүргізушілер кетеді. Мұнда нақты алгоритм жасау керек.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов бұл салаға баса мән берілетіндігін, мемлекет тарапынан қолдау болатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар облыс әкімі өз сөзінде Ертіс-Баян өңіріндегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында билік пен кәсіпкерлер арасындаы байланысты үзбек керектігін айтты. Мұндай отырыстарды тоқсанына кемінде бір рет өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар