ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 420 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

17:43, 13 маусым 2018

Биыл Павлодар облысында 420 шақырым тас жол жөнделеді. Оған облыстық қазынадан 12,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында белгілі болды. Сонымен қатар кеңесте өңірдегі құрылыс жұмыстарының жайы да қозғалды. Тақырыпты тілшіз тарқатсын.

Қазіргі таңда Павлодар облысында  162 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 105-і осы жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мақсатқа биыл қазынадан 39 млрд теңге бөлінген. Барлығын да құрылыс  жұмыстары қарқын алған. Десе де, Павлодар мен Ақсу қалаларында көп қабатты тұрғын үй құрылыстары кестеден кешеуілдеген. 

РҮСТЕМ РАЙЫСОВ – Павлодар облыстық құрылыс басқармасының басшысы

Ақсу қаласында  құрылыс кешеуілдеген 3 үй бар. Олардың біреуі Молодежный көшесі 28 мекен-жайында орналасқан. Бұл үйдің құрылысы бойынша 3 рет конкурстық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Молодежный көшесі 32-ші үй де бар.  Бұл екі үй де Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа тұрғызылып жатыр. Негізінен бұл баспаналар жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынуда.

Жиында  аймақ басшысы Болат Бақауов құрылысы тосқауылдаған нысандарды  қатаң бақылауға алу керектігін тапсырды. Бұдан бөлек, жиында өңірдегі жолдардың  жайы да айтылды. Павлодар облысында 3718  шақырым жол болса, оның 945 шақырымы облыстық маңызға ие.  Қазіргі уақытта аймақтағы барлық жолдарда ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған бюджеттен 12,4 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, биыл өңірдегі аудандық, облыстық имаңызға ие 420 шақырым жол жөндеуден өтпек.  

ЕРМҰРАТ НҰРХАНОВ - Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Оның ішінде...жалпы соммасына.

Қазіргі таңда ұзындығы 48 шақырым болатын  автожолдарды қайта жаңарту жоспарланған. Бұл қатарға Чернорецк-Олгин-Успен-Шарбақты  және Шақат-Восточный-Шалдай тас жолдары енген. Бүгінде облыстық маңыздағы жолдардың бір бөлігі жөндеуден өтуде.

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ АҒЫЛШЫН, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТАПШЫ
12:06, 16 тамыз 2018
МЕКТЕПТЕРДЕ АҒЫЛШЫН, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ Т...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҚОСЫМША 200 ГРАНТҚА 65 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛДІ
20:32, 10 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҚОСЫМША 200 ГРАНТҚА 65 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 116 КӘСІПОРЫН ЭКОЛОГИЯ ЗАҢДЫЛЫҒЫН БҰЗҒАН
19:53, 26 шілде 2018
БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 116 КӘСІПОРЫН ЭКОЛОГИЯ ЗАҢДЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘРІ 5 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН»
19:25, 10 тамыз 2018
«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘ...
Толығырақ...