ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ

10:17, 22 қараша 2019

Бірыңғай қабылдау күнін шаһар басшысы Қайрат Нүкенов те өткізді. Қала әкімі қабылдауына жазылған тұрғындардың сұрақ сауалдарына құлақ асып, барынша көмек көрсетуге тырысты.

Қала әкімі қабылдауына 50-ге жуық павлодарлық келді. Тұрғындар әлеуметтік мәселелер, атап айтсақ, медициналық көмек көрсету, баспанаға қол жеткізуге байланысты сауалдар қойылды. Қала әкімі әрбір тұрғынмен сөйлесіп, көтерілген сұрақтардың барлығы өз шешімін табады деп атап өтті. Бұл ретте, тиісті мекемелерге тапсырма берді. Қабылдауға жергілікті кәсіпкерлер де жазылыпты. Бизнес жүргізуде туындайтын проблемаларды қала басшылығымен ақылдасып, шешуді жөн санайды.

Светлана Чиркина, кәсіпкер:

Мен бірыңғай қабылдау күні туралы әлеуметтік желілерден білдім. Сол себепті, өз мәселем бойынша осында келдім. Мен кәсіпкермін, мейрамхана ашайын деп жүрмін. Бірақ, ғимаратты сумен қамтамасыз етуде кейбір проблемалар туындады. Осыған дейін прокуратура бардым. Қала басшылығынан көмек сұрауға келдім. Осыған дейін шешілмей жүрген менің мәселем өз шешімін табады деген сенімдемін.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
11:00, 20 ақпан 2020
ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА КИЕЛІ ЖЕРЛЕР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
10:55, 20 ақпан 2020
ШАРБАҚТЫ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН АУДАНДАРДЫҢ БІРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар