ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

17:27, 27 қыркүйек 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Құқық қорғау қызметкерлерінің халықпен ашық диалог жүргізу» маңыздылығын атап өткен еді. Бұл мәселені шешу үшін жаппай бейнебақылау жүргізуді тапсырды. Осы ретте Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінде толықтай бейнебақылау камералары орнатылған.

Ғимарат аумағында және нысан ішінде жалпы 40 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 8-і тергеушілер кабинетінде. Енді қызметтік және тергеу жүретін бөлмелерде бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс жасайды.

Максим Зенгер, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы:

Бұл жаңалық Заңның үстемдігін бекітіп, азаматтардың қауіпсіздігін және Департамент қызметкерлері жұмысының тазалығын қадағалайды. Осыған қоса жемқорлық фактілерінің алдын алып, қылмыстық үдеріс қатысушыларының шағымын азайтуға мүмкіндік береді. Халықты жеке сұрақтары бойынша қабылдау үшін және тергеу жұмыстарын жүргізу мақсатында департамент ғимаратында «тергеудің ашық бөлмесі» жұмыс істейді, мұнда видео бақылау жұмыс істейді.

Камера жазбалары азаматтарды қабылдау бөлімінде кең форматты экранда көрсетілетін болады.

 

Сания ТЕМІРХАН, Валерия СТЕПЧУК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар