ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ? Толығырақ

БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19:18, 3 желтоқсан 2019

Индустриалды-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін облыс әкімінің экономика, инвестиция және сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі болған Бауыржан Кәменовке, өңірдің индустриалды-инновациялық даму саласы сеніп тапсырылды. Аймақ басшысы Болат Бақауов, жаңа басшыны активке таныстырды.

32 жастағы Бауыржан Кәменовтің екі жоғары білімі бар. 2008 жылы Инновациалық Еуразиялық университетті бітірсе, 2014 жылы Торайғырова университетін тәмамдаған. Экономика және бизнес магистрі. Еңбек жолын 2008 жылы облыс әкімінің аппаратында маман болып бастап, Павлодар ауданы әкімінің кеңесшісі, Григоревька ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. 2016 жылдан облыс әкімінің көмекшісі одан кейін аппарат басшысының орынбасары болды. Былтырдан бері аймақ басшысының экономика, инвестиция және сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарып келді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ   

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...