ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ БАҚЫЛАУДА

10:49, 3 тамыз 2020

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатқан жұмыстар ашық әрі сапалы болуы шарт. Сондықтан, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа тәсілдер қолданылуы керек. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жүктеген болатын. «Nur Otan» партиясының бастамасымен бақылауды жүргізетін мониторингтік топ өз жұмысын бастады.

Павлодар қаласын абаттандыру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын бақылау үшін арнайы сарапшылар тағайындалды. Мониторингтік топты басқарған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко – атқарылған жұмыстың нәтижесімен бөлісті.

Илья Теренченко, «NUR OTAN» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Жұмыс барысында, нысандарды аралау бойынша –тұрғындар тарапынан 15 үндеу келіп түсті. Олардың барлығы қаралып, шешілу үшін тиісті қала әкімдігі, басқармалар мен сала мамандарына жіберіледі.

Мониторингтік топ, «Жұмыспен қамтудың»жол картасы аясында жүргізіліп жатқан шараларды бақылау мақсатында –алдымен Радиозавод ауданына барды. Мұнда көше бойына металл бағаналары орнатылуда. Сондай-ақ, мердігер компания 29 адамды жұмыспен қамтыған. Олардың төменгі жалақысы 150 мың теңгені құрайды.

Мұрат Нұркенов, «Хлебстрой» ЖШС директоры:

Жоба бойынша, біз жұмысты желтоқсан айында бітіруіміз керек еді. Бірақ, жоспардан алда келе жатырмыз. Радиозавод ауданы қазан айында, ал Лесозавод ауданы қараша айында аяқталады.

Алдағы уақытта Радиозавод ауданының көшелері толығымен жарықтандырылады. Қолданылатын құрылыс материалдарының барлығы – отандық өнім. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша екінші нысан – Сарыарқа ауданы. Мұнда балалар алаңы орнатылуда. Мониторнигтік топ мүшелері, атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сарапшылар құрамына қоғам қайраткерлері, түрлі сарапшылар мен аймағымыздың дамуына немқұрайлы қарамайтын белсенді азаматтар кіреді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
19:02, 27 қыркүйек 2020
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
17:27, 27 қыркүйек 2020
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...