ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

БАҒДАРЛАМА БЕС ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

13:59, 21 қаңтар 2020

Биыл, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталды. Үкімет оны тағы бес жылға созбақшы. Ал, Павлодар облысы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия беру жағынан республикалық рейтингте көш бастады.

2019 жыл мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда табысты жыл болды, дейді дамулықтар. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 250 жоба мақұлданып, субсидиялау жөнінде келісім шарт жасасқан. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 468 пайызға көп. Осы уақытқа дейін шамамен 1,2 мдрд теңгенің субсидиясы төленді.

Ақбота Жылқыбеков, «Даму» КДҚ АҚ Павлодар өңірлік филиалының менеджері:

Бағдарлама бойынша 2019 жылы жалпы «БЖК 2020» жүзеге жақсы асырылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 174 млрд теңге сомасына 1 215 қолдау көрсетілді. Соның ішінде 250 жоюа субсидиялау бойынша. Тағы да қарапайым заттар экономикасы бойынша 9 жобаға қолау көрсетілді.

Айтпақшы, биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталды. Әйтсе де, Үкімет бағдарламаны тағы бес жылға созып отыр. Өйткені, осы арқылы көптеген орта және шағын бизнестің бетіне қан жүгірді. Ал, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия беру жағынан біздің өңір республикалық рейтингте көш бастап тұр.

Айнагүл Байдәулетова, «Даму» КДҚ АҚ Павлодар өңірлік филиалының директоры:

«Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасының мерзімі аяқталды ғой. Сондықтан Үкімет қазір жаңа бағдарламаны бекітті. Ол «Бизнестің жол картасы – 2025» деп аталады. Әзірге оның негізгі ережелері әлі бекітіле қойған жоқ. Сондықтан, жүзеге асыруды бастаған жоқпыз. Әйтсе де осы жылға қаржы бөлініп қойды.

Осы жылы «Даму» қоры мемлекеттік бағдарламаларды белсенді жүзеге асыруды жалғастырады. Павлодар облысын субсидиялауға 2 млрд 136 млн теңге бөлінді. Ал, кепілдендіруге 150 млн қарастырылған. Сонымен қатар, биыл «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 862,1 млн теңге жұмсалады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

     

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
10:50, 18 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар