ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

БАҒАНЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАМАҒАН ӘКІМДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

19:38, 14 наурыз 2019

Еліміз бойынша бірінші сұрыпты ұн бағасы ең төмен аймақ біздің обылыс. Соған қарамастан нан бағасы қымбат. Мұндай кереғарлықты естіген Болат Бақауов таңданысын жасыра алмады. Ал, азық-түлік бағасын қадағалай алмаған әкімдерге сөгіс жариялауды тапсырды.

Әкімдікте өткен жиында есеп берген кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының жетекшісі Дастан Рыспековтың мәлімдеуінше, Павлодарда нанның бағасы 130 теңгеге дейін жеткен. Ал, біздің өңірде бірінші сұрыпты ұнның келісі бар жоғы 92 теңге ғана. Мәселен, Қарағандыда ұн бағасы 102 теңге болса, нан 122 теңге тұрады. Ақтөбеде ұн 102, ал нан 119 теңге екен. Көкшетауда ұнның келісі 114 теңге, нан 139 теңге. Айырмашылық тайға таңба басқандай көрініп тұр.

Дастан Рыспеков, кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының жетекшісі

Расында да бізде ұн арзан болғанына қарамсатан республикалық орташа көрсеткішпен салыстырғанда нан бағасы қымбат. Біз Павлодар нан-тоқаш комбинаты басшысымен кездесіп сөйлескенбіз олар құрал жабдықтарының ескіргенін алға тартады.

Болат Бақауов, Павлодар нан-тоқаш комбинатының құрал жабдықтары ескірген болса онда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенше өзге де нан пісіретін наубайханалармен келісім жасауды тапсырды. Әкім нан бағасын тұрақтандырып бақылауға алуды тапсырды. Белгілі болғандай, бізде кейбір аудандарда күріш пен қарақұмық және қанттың да бағалары өскен екен. Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түліктің бағасын жергілікті жерде әкімдер қадағалап бақылауда ұстауы керек.  

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі

Мен сіздерді бұл жерге осындай баға бар ма жоқ па деп сұрауға жинаған жоқпын. Сіздер неге жұмыс істемейсіңдер? неге бағаны қадағаламайсыздар? Қайрат Теміршотұлы сізге бұл мәселені бақылауға алуға тапсырамын. Жұмыс істемейтін әкімдерге тәртіптік сипаттағы шараны қабылдауды тапсырамын. Бағаны мүлдем реттемейсіздер.

Шарбақты құс фабрикасында жұмыртқаның да құны артып кеткен. Себеп, тауықтың жемі қымбаттаған. Ал субсидия кешіктіріліп жатыр. Анықталғандай, кәсіпкерлерге қажетті құжатты әділет департаменті бір айдан кейін ғана беретін болады. Бұл жағдай да облыс әкімін таң қалдырды. 

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі

Мәселе неде? Бүгін қаулыны шығарып, беріңіз. Қайдағы сәуір айы? Ол сіздерге сәуір айын кабинетте отырып күту оңай. Жем қымбаттады, тиісінше жұмыртқа да қымбаттайды.   

Қала және аудан әкімдеріне, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына мониторинг жасалып, кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына шынайы бағасы туралы есеп беріп тұруы тапсырылды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар