ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

АУЛАЛАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА 500 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

13:55, 11 қаңтар 2019

Қала ішілік аулаларға жарық орнату үшін биыл шаһар бюджетінен 500 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ аулаларды қоқыс пен арам шөптен тазартып, ойын және спорттық алаңдар салуға да қаражат қарастырылған. Бұл туралы Павлодар қалалық мәслихаттың кезектен тыс 47-ші сессиясында мәлім болды. Тақырыпты тілшіміз Есенбек Санатұлы тарқатады.

Соңғы екі жылда облыс орталығының ішкі тазалығымен аула ішілік жолдарын жөндеуге көп назар аударылып жатыр. 2017-2018 жылдары Павлодар қаласында 300-ден аса аулаға асфальт төселіп, абаттандырылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Аулалардағы спорттық және балалардың ойын алаңдары жаңартылып, шөптерден тазартылады. Ал, биылғы негізгі басымдық аулу ішін жарықтандыруға беріледі. Бұл мақсатқа қала қазынасынан 500 млн теңге бөлінгенін қалалық мәслихаттың хатшысы әріптестері алдында баяндады.  

ЗӘУРЕШ МҰҚАШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

Осы жылыда осы жұмысты жалғастырады. Бюджеттің ақшалары бар. Сол жұмыстарды бітіріп, жылдың аяғында есеп бергенде біз сол жұмысты көріп, айтамыз халыққа.

Әлі күнге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан өзекті мәселелерде жоқ емес. Бұл көбінесе пәтер иеленушілер коперативінің жұмыстары. Осы саланы бір жүйеге енгізіп, КСК жұмыстарының сапасын артыру қажет. Олар тұрғын үй инспекциясының бақылауында болады. Сондай-ақ, биылғы жылы су ағатын арықтар мен кәріз жүйелерін жөндеу жоспарға енгізілген. Қалалық мәслихаттың хатшысы Зәуреш Мұқашеваның айтуынша, былтырғы атқарылған жұмыстьардың барлығы да депутаттардың бақылауында болды. Биыл да назардан тыс қалмайды.   

Автор: Есенбек САНАТҰЛЫ, оператор: Юрий БЕЛЕВСКИЙ.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 29 СЕССИЯСЫ
20:35, 15 наурыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 29 СЕССИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар