ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АУДАННЫҢ АХУАЛЫ АРТТЫ

17:04, 27 қыркүйек 2020

Павлодар ауданының ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару 14,4 млрд.теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,3% - ға артық.

Биыл ауданның 4 ауылында тақтайдай кең, түзу жол төселді. Бұл бағытта республика бюджетінен Кемеңгер ауылының кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, аудандық бюджет қаражатынан Ефремовка, Луганск және Черноярка, Новочерноярка аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтті. Ауданда су мәселесі де шешімін тапқан. 6 ауылда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі:

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағында жұмыстар қарқынды. Әрине, мемлекеттік қолдаумен. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен Заря, Бірлік, Подстепное, Черноярка, Новочерноярка және Жаңа қала ауылдарында 1,5 млрд.теңге сомасына су құбырлары мен су құбыры құрылыстарының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Павлодар ауданында орталық сумен және жылумен жабдықтау жұмыстары жүйелі жүзеге асып жатыр. Бүгінгі күні Новочерноярка ауылында 651 млн.теңгеге жаңа қазандық салынуда.

Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі:

Ол үшін мердігер ұйым белгіленді. Бұл жұмыстарға Барнауылдан қазандық әкелінген. Жабдықтар орнатылуды. Жылу маусымы басталғанда қазандық толықтай іске кіріседі деп күтіп отырмыз.

Сондай-ақ, Чернояркіде егіннің нағыз қызған шағы. Суармалы ауыл шаруашылығына жұмыс күші талап етіледі. Келесі жылы өнімді мол алу үшін баптап қарау қажет.

Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі:

Байқасаңыз, егін жинау кезінде Чернояркіде 100-ге жуық көлік жұмылдырылады. Бізге Успен, Тереңкөл, Аққулы, Павлодар қалаларынан көп адамдар жұмысқа келеді. Негізгі көкөніс бағы көптің қолымен жұмыс жасауды қажет етеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Еңбек» бағдарламасының бірінші және екінші бағыттары бойынша жоспарлы көрсеткіштер 100% орындалды. Жалпы сомасы 77 млн. теңгені құрайтын  20 жоба несиелендірілді.

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар