ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АУДАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

21:49, 3 тамыз 2020

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар ауданына арнайы іс-сапармен барып, әлеуметтік нысандар мен ауылды инфрақұрылымдық абаттандыру жөніндегі жұмыстарды тексерді. Жүргізіліп жатқан құрылыс сапасына баға берді.

Облыс әкімінің бұл жолғы іс-сапары Шақат ауылынан басталды. Ол жерде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында орта білім беру мектебіне жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Қазіргі таңда электр сымдарын ауыстыру, спорт залын әрлеу және қасбетін қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Әбілқайыр Сқақов оқу орындары мен басқа да әлеуметтік нысандарды абаттандыру мәселесінде кешенді тәсіл қолданылуы тиіс екенін атап өтті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл тұрғыда ауыл мен қала арасында теңсіздік болмауы тиіс. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру басталғанға дейін біз құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы жоғары болуы тиіс деп кездейсоқ айтқан жоқпыз. Бүгін ауыл тұрғындары да, аудан басшылығы да мердігердің жұмысын бақылап отыр. Сондықтан жұмысты жүйелі түрде жүргізіңіздер.

Іле, облыс әкімі бастаған делегация Кемеңгер ауылына табан тіреді. 250 орындық мектеп ретінде қайта жаңғыртылатын бұрынғы оқу-зертхана корпусының ғимаратында болды. Мердігер ұйымның іске кіріскеніне 3 айл болыпты. Жоспар бойынша тамыз айының басында аяқталуы тиіс еді. Бірақ, құрылысшылар кестеден қалып келеді.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жұмыстың ең қиыны - нысанды әрлеу жұмыстары қалды. Ол үшін сіздерге бір айға жуық уақыт қажет болады. Барлығын 10 күнде аяқтау үшін сіздерге кем дегенде 100 адам қажет. Адамдарды жаңылыстырудың не қажеті бар?сіздерде әлі аяқталмаған жұмыс көп екен. Есік терезелері де қалыпқа келтірілген жоқ.

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінде Әбілқайыр Сқақов зертханалық корпустың, ветеринарлық кешеннің, жатақхана мен асхананың жай-күйін тексерді. Колледж басшысының сөзінше мекеме ғимараттары салынған күннен бастап жөнделмеген. Күрделі жөндеу білім беру процесін жақсартуға және оқушылардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жерге өзге өңірлерден келіп білім алатын оқушылар бар. Әсіресе «Серпін» бағдарламасымен келгендер көп көрінеді. Ал, Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында өңір басшысына дәнді дақылдардың, жемшөп дақылдарының мен көпжылдық шөптердің жаңа сұрыптарын шығарудағы жетістіктері туралы айтты.  Кемеңгер ауылында Әбілқайыр Сқақов бес жыл бұрын салынған дәрігерлік амбулаторияда да болды. Ауылдың медицина қызметкерлері күніне орта есеппен алғанда 30 адамға дейін қабылдайды. Сонымен қатар бұл жерде мобильді бригада жұмыс істейді. Ал, Ольгинка ауылында өңір басшысына су құбырының құрылысы туралы баяндалды. Бүгінде құрылысшылар тарату желілерін салып жатыр, ал келесі жылы нысанды пайдалануға беруге ниетті. Бұл жолғы сапарында Өңір басшысы кәсіпкерлермен де кездесті. Сергей Құсайынов нан-тоқаш өнімдерін, жартылай дайын және сүт өнімдерін шығаратын цехтарды таныстырды. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов «Ertis» шаруа қожалығының басшысымен де сөйлесті. Василий Хренов 800 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосу жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ольгинка, Новоямышево, Заря сынды ауылдарда болып, спорт мектептері, медициналық амбулаториялар мен мәдениет үйлерін жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Облыс әкімі жұмыс сапарын Заря ауылында аяқтады. Бүгінде мұнда орталықтандырылған су құбыры жүргізілуде жоспардағы 22,9 шақырымның 21-і салынған. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға арналған екі пәтерлі екі үй салынды. Жақын арада пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар елді-мекенде ауқымды футбол алаңын салу жоспарда бар. Қолайлы орын таңдалып алынған.  Әбілқайыр Сқақов осы мақсатқа қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
19:02, 27 қыркүйек 2020
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
17:27, 27 қыркүйек 2020
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...