ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«АШЫҚ ҚАЛҚАМАН»

21:28, 15 қыркүйек 2020

Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман ауылында «Ашық Қалқаман» фронт офисі ашылды. Кәсіпкерлердің көмегімен ашылған орталық 4 күн жөндеу жұмыстарынан кейін ауыл тұрғындарын қабылдай бастады.

Қалқаман ауылы тұрғындары үшін бүгін қуанышты күн. Енді қараша халық аудан орталығына бармай-ақ, ауылдық әкімдікте орналасқан фронт офисте қажетті құжаттарын онлайн  рәсімдей  алады.  Мемлекеттік қызмет түрлері, соның ішінде жылжымайтын мүлік, зейнеткерлік жинақ сынды  анықтама алады. Бұл жерде электронды құрылғылардың барлығы бар. Алдағы уақытта телефон байланысы орнатылады дейді, ауыл әкімі. 

Нұрбұлан Мұсабеков, Қалқаман селолық округінің әкімі:

Негізінен екі маман бекітілген. Бір маман кеңесші ретінде, халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында қиындықтар туып жаста жұмыс барысында соларға кеңес береді, қалай кіру керек, қандай құжат алу керектігіне. Екінші маман бас маман. Халыққа электронгды қолтаңба және құжаттарды рәсісмдеу үшін көмектеседі.  Жұмыс уақыты таңғы 9 дан кешкі 18:30ға дейін.

Қалқаман ауылында 3500 тұрғын бар. Ал, жақын маңдағы аулыдарда 2500ге жуық адам тұрады. Осылайша округке қарасты ауыл тұрғындары сервистік қызметті пайдалана алады.   Фронт-офис қажетті  техникалық құралдармен  жабдықталған. «Ашық Қалқаманның» ашылуы жергілікті тұрғындарға ыңғайлы болмақ.  

Тоқтас Ахметов, Қалқаман ауылының тұрғыны:

Көпшілігіне мынау көп жеңілдік болды. Көп адамдардың қолдары қысқа болады. Ақсу қаласынының орталық қызметіне жетудің кейде қиыншылықтары болады, көлік болмай жатады. Жүретін автобус бар, шағын, оған орын да болмай жатады. Ал, соның бәрін қызметтерді ауылдан алатын болғандықтан мынау өте тиімді. Халыққа бір жақсы көмек болып отыр.

«Ашық Қалқаман» офисінің жұмыс барысымен танысу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігін мамандары ат басын бұрды.

Назымбек Бекжанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

Азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Барлық мәселелер жедел, қолжетімді, жылдам шешілетін болады. Сервистік әкімдік тұрғындар үшін тұрақты негізде жұмыс істейтініне сенімдіміз.

Мұндай фронт-офистерде мемлекеттік қызметтерді алу оңай және қолжетімді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің тиімді әдісі.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
19:02, 27 қыркүйек 2020
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ КОРОНА-КРИЗИС: ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
17:27, 27 қыркүйек 2020
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар