ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АҚСУДАҒЫ ҮШ ІРІ ЖОБА

10:07, 21 ақпан 2020

Өткен жылы Ақсу қаласы мен ауылдық аймағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында үш үлкен жоба іске қосылды. Сонымен қатар, 2019 жылы түрлі форматтағы 70 іс-шара өткізіліп, оған отыз мыңнан аса адам қамтылды. Жұмсалған 45 миллион теңгенің жартысынан астамы бюджеттен тыс қаражат.

Былтырғы жылы Ақсуда жүзеге асқан жобалардың басында «Туған жер» арнайы жобасы арқылы қолға алынған «ERG БАРЫСЫ» бастамасы. Бастама дейтін себебіміз, бұл жоба 2022 жылға дейін жалғасады. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған қазақ күресіне еліміздің өзге облыстарын қосқанда 300-ден астам палуан қатысқан.

Балғабай Ыбыраев, Ақсу қаласының әкімі:

Бұл шараны өткізу үшін ERG тобының 10,5 млн теңге демеушілік қаржысы жұмсалды. Бұл жоба үш жылға арналған. 2022 жылға дейін Ақсу аумағында қазақ күресін дамытып, «Ақсу барысы» турнирін жалғастыратын боламыз.

Екінші ірі жоба, «Ақсу толқыны». Оның аясында Ақсудың қалалық жағалауда түрлі форматтағы мәдени шаралар өткізілді. Қала және ауылдық округтердің жас таланттары мен шығармашылық ұжымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің концерттері, қолданбалы өнер көрмелері, «АРБАТ – АКСУ 2019» жастар шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Ал, үшіншісі «Батырға ескерткіш плита орнату» жобасы.

Балғабай Ыбыраев, Ақсу қаласының әкімі:

Оның аясында жас ұрпақтың туған өлкесінің тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылында Тілеуімбет батырдың жерленген жеріне ескерткіш тас орнатылды. Тілеуімбет батыр Бәсентин руынан шыққан батыр. 1720-1795 жылдары өмір сүрген.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен Тілеуімбет батырды елге таныту жұмыстары биыл да жалғасып, зираты абаттандырылады. Сондай-ақ, Мерғалым қажының моласын да абаттандырылып көлдің жанында «Атыбай» жазбасы жазылған ескерткіш тасын орнату жоспары бар. Қазақтың халық композиторы, ақын, палуан Иманжүсіп Құтпанұлының туған жеріне де көңіл бөлінеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
15:12, 18 наурыз 2020
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...