ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АҚҚУЛЫДАҒЫ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР

10:03, 19 ақпан 2020

Аққулы ауданында «Рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында өткен жылы 183 іс шара өткізілген. Биыл да атқарылатын жобалардың тізімі түзілген. Солардың қатарында Ұлы Абайдың ескерткіші аумағын абаттандыру жұмыстары бар.

2019 жылы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында Аққулы ауданында «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы бойынша жастарды ұлттық ат спортына баулитын «Жас шабандоз» жоба іске асырылды. Сондай-ақ, атақты күйші, домбырашы Рүстембек Омаровтың 100-жылдығына орай «Күй күмбірі» атты күйшілер альянсы жобасы қолға алынды. «Хәкім Абайға арналады...»  атты дәстүрлі ауысымды жоба жұмыс істейді. Биыл ақынның 175 жылдығына орай бұл жұмыстар жалғасады. Соның ішінде ескерткіш аумағын абаттандыру бар.  

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

Сырлап ешқандай жұмыстарды талап етпейді, ол бронзадан жасалған мүсін ғой. Шет жағын енді абаттандыру жасаймыз, қосымша талдар егеміз бе,деп сондай бір жоспарымыз бар. Оны міндетті түрде жүргіземіз. Енді, ауданымыз бойынша толықтырып айтып кетсек, 11 көшеміз бар Абай    атамызға арналған содан бір мектебіміз бар Шабар ауылында, содан кейін бір мүсініміз.

2019 жылы Аққулыда Сары бәйбіше және Мерғалым ата бейіттерінің қоршауы ұрпақтарының қолдауымен жаңартылып, басына белгі тақтайшалар орнатылды. Және де туристерге арналған жатын үйдің құрылысы басталған болатын.  Биыл бұл жұмыстарды толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

Барлықтарыңызға белгілі, Мерғалым ата бейіті Майқарағай ауылдық округынде орналасқан. Ғабдуллин Мерғалым ата сынықшы емші болған. Сары бәйбіше бейіті Шақа ауылдық округінде орналасқан. Сары бәйбіше орта ғасырларда өмір сүрген. Көріпкел, жауырыншы, киелі қасиетті емші адам болған деп айтады.

Аққулы ауданы былтырғы жобаларды жалғастыра отырып, биыл тағы үш ірі жобаны қолға алмақ. Оның бірі, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Абай үні» театраландырылған керуен жобасы. Екіншісі, «Өткеннен сыр шертеміз» атты тарихи жоба. Үшіншісі ұлттық өнерге бағытталған «Салайын өлеңіммен сөзден өрнек» жобасы. Мақсаты ауданда қазақтың байырғы қара өлеңі, яғни халық әндерін орындауды жандандыру.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
15:12, 18 наурыз 2020
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМГЕ КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...