ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚТЫҢ ХАЛ-АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

16:45, 5 маусым 2019

Облыс әкімідігінде ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуы жайында жиналыс өтті. Аймақ басшысы Болат Бақауов өткізген отырыста, қала, аудан және басқарма басшылары есеп берді.

Жиналыс кадрлық ауыс түйістерден басталды. Облыс әкімі Болат Бақауов құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Рүстем Райысов, кәсіпкерлік және сауда  басқармасына Жайық Хасанов, сондай-ақ облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі болып Айнұр Сәрсенбаева тағайындалды. Болат Бақауов жаңа қызметке тағайындалған шенеуніктердің жұмыстарына сәттілік тіледі. Одан әрі отырыс өңіріміздің дамуы жайында жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынова артта қалған 5 ай бойынша есеп берді. Өнеркәсіп, ауылшаруашылық, инвестиция, сауда саттық және құрылыс барысын баяндады. Бүгінгі таңда өңірімізде құрылыс саласы жақсы қарқынмен дамып келеді.


Әлия Арынова, облыс әкімінің орынбасары:
Тұрғын үй мәселесі жайында айтатын болсақ, соңғы екі ай ішінде өткен жылдың индикаторымен салыстырғанда көрсеткіш жоғарлаған. Бүгін санақ жүйесі бойынша 3 мың 417 шаршы метрге тұрғын үйлер тапсырылды. Өрлеу қарқыны бойынша 5 ай ішінде 119,8 пайызды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш.


Алайда, бес саусақ бірдей емес. Бір салада деңгейдің өскені байқалса, енді бірінде төмендегені байқалады. 3 айда көтерме сауда саттық азайған.


Әлия Арынова, облыс әкімінің орынбасары:
Сауда саттық бойынша 3 айда  динамика төмендеген. Көтерем сатылым төмендеген. Мында негізгі  себеп, дефлятордың жоғары болуы және тауарларды облысқа тасымалдау жөніндегі келісім шарттардың төмендегені.

Бес айда қаржы айналымы 59 млдр теңге болуы керек еді. Бірақ бұл көрсеткіш төмендеген. Аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне бұл мәселені қолға алып, бұл жұмысты қол алуды тапсырды. Жалпы, Әлия Арынованың берген есебі бойынша барлық жұмыстар  кезең кезеңімен атқарылып жатқаны айтылды. Одан кейін әкім, «Сарыарқа» мөлтек ауданда тұрғызылып жатқан үйлерді сөз етті. Бұл тұрғыда да қала әкімі Әнуар Күмпекеев тұшымды жауап қайтарды. Аудандардардың тыныс тіршілігі де назарға алынды. Биыл Баянауыл ауданында су құбырларын тұрғындарға тарту мәселелері, Тереңкөл және Ақсу қалаларында бизнес жобаларының азайып, дамымай жатқаны да айтылды. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды міндетті түрде қолға алуды тапсырды. Ауыл шаруашылық мәселесі де оң нәтеже көрсетіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы да үнемі назарда. Бес айдың қорытындысы бойынша бюджет 99,1 пайызға игерілген. Игерілмеген қаржы 714 млн теңге. Бюджет 16 млн қаражатты үнемдеді. Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Болат Бақауов басқарма, қала және аудан әкімдеріне барлық мәселелерді жыл соңына дейін атқарып, тыңғылықты жұмыс жасауды тапсырды.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...