ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНА САПАРЫ

18:41, 13 тамыз 2019

Қой шаруашылығының экономикасын әр фермерге жеткізу қажет. «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары қолдауды сезінуі керек. Биыл күзде Баянауылдағы сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға беріледі. Облысы әкімі Болат Бақауов Баянауыл ауданына сапары барысында осы және аудандағы өзге де жұмыстар қарқынымен танысты.

Аймақ басшысы бірінші болып Жанат Сартаевтың шаруа қожалығына бас сұқты. Өрт сөндіруге арналған жаңа кешенмен танысты. Болат Бақауов аудандардағы өрт сөндіру оқу-эаттығуларын осында өткізу керектігін, бұл ешқашан артықшылық етпейтінін тілге тиек етті. Бірақ ШҚ-ның басты айналысатын жұмысы бұл емес. Мал шаруашылығы. Яғни, ірі қара сал, қазақтың ақ бас сиырын өсіреді. Бұл үшін «Сыбаға» бағдарламасына қатысқан. Ойсылқара төлі Кемеров жерінен әкелінген. 
«Айша» ШҚ-да облыс әкімі қой шаруашылығымен айналысатын аудан тұрғынымен кездесті. Болат Бақауов Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып, қой шаруашылығының экономикасы әр фермерге жерткізу керектігін айтты. Бұл – шынымен де тиімді бастама. Тек кәсіпкерлік тұрғыда қимыл жасай білу керек, - дейді, аймақ басшысы. 


Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі: 
А вы ориентированы на туристов, базары, Караганду, Экибастуз, Павлодар. А если работать системно?


Ал, аудан орталығында облыс әкімі «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Жиынта көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Атап өтсек: Арман Кәкен қоқысты қайта өңдеумен айналысады. Ол, жастар грантына үміткер бола аламын ба деген сауалын жолдады. Бұған ешқандай кедергі жоқ екен. Ал, Аяжан Күлқожаның мәселесі сәл қиындық тудырды. Жас ананың негізгі мамандығы логопед. Қазіргі уақытта баспанасының жоқтығы әбігерге салуда. Бұл шаруаны Болат Бақауов өзі қадағалайтынын айтты. Есепті тыңдағаннан кейін, өңір басшысы тағы бір фактіге назар аударды. Өткен жылы ауданның 31 тұрғыны 101 млгн теңге көлемінде несие алған. Оның 5-і қаржыландыру аяқталғаннан кейін тізімнен шығып қалған.


Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі: 
Бұған не себеп? Тез арада мән-Жайды анықтаңыздар. Ол неге несие алғаннан кейін жұмыс істемейді? Бұл жерде кез-келген нәрседен бизнес ашуға болады. 


Сонымен қатар өңір басшысы Баянауыл ауданындағы сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс қарқынымен танысты. Қазіргі таңда жоспардағы 76 шақырымның 65-і тартылған. Мың жарым абонеттен 150 үй және бірнеше әлеуметтік мекеме орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, су желісіне қосылуға тағы 250-ден астам өтініш келіп түсті, - дейді, аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейітжан Жұмашев. Мердігер компания жұмыс сапасына 10 жылға дейін кепілдік береді. Бірақ, олардың да өтініштері жоқ емес. Сумен жабдықтау жүйесінде қызмет ететіндерді қазірден бастап үйрете бастау керек. Болат Бақауов 79 жастағы Бибісара Әкішевамен кездесті. Балалы-шағалы отбасы орталықтандырылған су жүйесін ұзақ уақыт күткен. 


Бибісара Әкішева, Баянауыл ауылының тұрғыны: 
Міне шамымыз жарқырап тұр. Суымызды ағызып тұрсыздар. Басқа мүмкіншіліктер де осы екі-үш жылдан бері көп мүмкіншілікті орынға келтіріп, бәрін жақсартып жатыр. Алғысымды ел атынан айтамын. Сондықтан Елбасымызға амандық болсын. Елбасымыз анам болсын. Тыныштық болсын. Мынау Құрбан айтымыз сіздерге құт-береке әкелсін. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бірақ, мердігер компания барлық шаруаны қазан айында тапсыруды көздеп отыр. 

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:18, 3 желтоқсан 2019
БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар