ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

11:13, 13 ақпан 2020

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда халыққа жақын болудың тиімді жолы осы әлеуметтік желілер. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың әлеуметтік желілерде жеке парақшалары пайда болды. Аккаунт ашылғалы бері тұрғындар тарапынан 300-ден аса сауал келіп түскен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен өзара ықпалдастықтың жаңа форматын дамытып, әлеуметтік желілерде белсенді болуын тапсырған болатын. Осы орайда Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Instagram, Facebook, Twitter-де жеке парақшаларын ашты. Мәселен, өңір әкімінің инстаграм парақшасына павлодарлықтар әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және қаланы абаттандыруға байланысты сұрақтарды жолдайды. Келіп түскен сауалдар тиісті сала басшыларына бірден жіберіледі.

Ернар Сейтахмет, Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда негізгі үш мәселе бар. Бұл атаулы әлеуметтік көмек бойынша көптеген сұрақтар келіп түседі. Бұдан бөлек, қара тазалау жұмыстары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар көп. Сондай-ақ, балалардың жаз және қыс мезгілінде үйлердің аулаларындағы балалардың ойын алаңы бойынша да көп сұрақтар түсті.

Қазіргі уақытта аймақ басшысының инстаграмм парақшасында 15 мыңға жуық тіркелуші бар. Олардың саны күн сайын артуда. Сондай-ақ, облыстық әкімдікте бейнесауалдарға арналған кабинет жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, ақпараттық технологиялар дамыған уақытта тұрғындар кабинеттер гөрі сауалдарын әлеуметтік желілер арқылы жолдаған жөн санайды.

Ернар Сейтахмет, Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Мысалы, Ақсу қаласының Астана 58 деген мекенжай бойынша көп балалы ана тұратынын білесіздер. Сол үйдің төбесінен су ағып, облыс әкіміне жазған болатын. Дереу біздер, Ақсу қаласының әкімдігіне хабарласып, олар екі күннің ішінде бұл мәселені толықтай шешті. Шатырдағы қарды алдымен күреді, одан кейін қажетті жұмыстарын жүргізіп берді.

Сонымен қатар, сауалдар Әбілқайыр Сқақовтың уотсап желісіндегі нөміріне күн сайын келіп түседі. 8 702 1 661 661 WhatsApp-аккаунты тәулік бойы жұмыс істейді. Оның көмегімен өңірде болып жатқан жаңалықтардан дер кезінде хабардар болып, проблемаларды дереу шешуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, облыстық әкімдікте аймақ тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарының жұмысына қатысты шағымдары мен өтініштер 661-661 телефон нөмірі арқылы қабылданады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:38, 26 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар