ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖЫЛҚЫ ҰРЛАП ҚОЛҒА ТҮСТІ

12:58, 14 қаңтар 2020

Павлодар ауданына қарасты Коряковка ауылының тұрғыны жылқысы жоғалғаны туралы полицияға арыз түсірген.

Жедел іздестіру шарасын жүргізген тәртіп сақшылары, күдіктіні қолға түсірді. Көлігі айып тұрағына қойылып, уақытша қамауға алынды. Ауыл тұрғыны жоғалған жылқысын таппаған соң полицияға хабарласқан. Өйткені, таң алакеуімде белгісіз Тойота Прадо көлігінің ауыл сыртында жүргенін байқап қалған. Сол бойынша ізге түскен полицейлер қаланың саяжай аумағынан жылқыны атып құлатып, машинасына тиеп әкелген күдіктіні қолға түсірді. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

2020 жылдың 6-шы қаңтарында шаруа қожалықтарының бірінде жылқы ұрланғаны туралы полицияға хабар түседі. Тергеу барысында жылқылардың қараусыз жайылып жүргендігі белгілі болды. Бағатын жылқышы да болмаған. Кешкісін иесі жылқыларын жолдан ары қарай айдап, үйіне қайтады. Келесі күні бір жылқысының жоқ екенін байқайды. Коряковка ауылынан жақын жерде, орман алқабында жылқының тұяғын тауып, бұл туралы полицияға хабар берген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетерлігі, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мал шаруашылығына қатысты жаңа заң күшіне енді. Енді, мал ұрлағандар 3 мың айлық есептік көрстекіш көлемінде айыппұл төлейді немесе мүлкі тәркіленіп 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...