ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ЖҰМЫСЫНА САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН ПИК БАСШЫСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

20:17, 11 наурыз 2019

Павлодарда жұмысына салғырт қараған пәтер иелері кооперативінің басшысы жауапгершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің бірінде 16 жастағы жасөспірімнің басына жарты метрлік сүңгі мұз құлап, миы шайқалған болатын.

Оқыс оқиға жеткіншек подъезге кіріп келе жатқанда болған.  Науқас қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Осыған байланысты ПИК басшысына ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-ші бабы бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Жанна Біләлова – облыстық полиция департаментінің ресми өкілі

ҚР тұрғын үй қатынастары туралы заңның 43-бабы, 8-тармағы бойынша кез келген пәтер иелері кооперативі өзі қызмет көрсететін тұрғын үйге жауапты. Ол үйдің санитарлық және техникалық жағдайын жасауы керек.
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...