ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫ КОМБАЙННЫҢ АСТЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ

21:54, 15 қыркүйек 2020

Ақсу ауылдық аймағында картоп жинайтын комбайнмен жұмыс істеп жүрген ер адам абайсызда техниканың астына құлап түскен. 59 жастағы тұрғын түрлі жарақаттармен Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.

Қайғылы оқиға демалыс күндері орын алды. Жазатайым жағдай  Еңбек ауылының маңында суармалы жерде картоп жинап жүрген кезде болған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша жағдайы тым ауыр.

Гүлжан Темірбек, Ақсу қалалық ауруханасы бас дәрігерінің м.а.:

Науқас Затворной Валерий Васильевич 1961 жылы туылған. 13 қыркүйек күні аураханаға ауыр халде жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы өте ауыр. Мамандар бақылауында.

Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүгінгі күні тексеріс жүргізілуде. Қайғылы оқиғаға нақты кімдердің жауап берері әзірге белгісіз.

Абылай Сабыров, облыстық еңбек қауіпсіздігін бақылау басқармасының  бөлім басшысы:

Қазіргі кезде ақпарат жүргізіп жатырмыз осы оқиға бойынша. Керекті ақпарат жиналған соң заңмен қарастырылған шаралар қабылданады. Тергеу 10 жұмыс күні жүргізіледі. Керек жағдайда комиссия тағы осы мерзімге 2 рет созуға мүмкіндігі бар. Тергеу аяқталған соң материалдар құқық қорғау органына жолданады. 

Жыл басынан бері Павлодар облысында өндірісте  65 адам зардап шексе, оның бесеуі қаза тапқан. 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...