ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

20:00, 19 желтоқсан 2019

Павлодарлық полицейлер бұзылып жолда қалған автобустың жолаушыларын құтқарды. Оқиға 15-ші желтоқсан күні түнгі сағат 21:25-те болған. 102 басқару пультіне Павлодар - Нұр-Сұлтан бағытындағы тас жолда көлік бұзылып қалғаны туралы хабар келіп түседі. Автобус Ресейден Өзбекстанға бағыт алған. Тәртіп сақшылары жылдам әрекет жасап, көмек қолын созды.

Павлодар - Нұр-Сұлтан бағытындағы тас жолда сынып қалған автобусты жол патруьлдік полициясы рейдтік шара барысында байқайды. Полиция департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, жолдаушылар көлігінің артқы доңғалағының күпшегі істен шығыпты.

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

Автобустың артқы күпшегі сынғандығы белгілі болды. Сол себептен, әрі қарай маршрутты жалғастыра алмай тұрып қалған. Жолаушылардың барлығы тоңып қалғандықтан, полиция қызметкерлері бірден іс-әрекетке көшті. Жақын жердегі жылыту пунктеріне барып, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Оқиға Береке ауылының маңында болды.

Автобуста екі жүргізушіден өзге 56 азамат және бір бала болған. Барлығы Өзбекстен азаматтары. Зардап шеккен ешкім жоқ. Бірнеше сағат жолда тұрып, тоңып қалған жолаушыларға ыстық шәй мен бауырсақ үлестіріліпті. Бір тәулік ішінде желгілікті полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті мамандары көліктің сынған бөлшегін тауып, жолаушылар автобусын қайта жолға шығарды.

Асқарбек Омаров, ТЖД бірыңғай кезекшілік-құтқару қызметінің бастығы:

Оқиға орынында ыстық тамақ және шәй қамтамасыз етті. Екінші күні сағат 11:24-те көлік жөнделіп, өз бағытына жөнелтілді.

Бұл осы жылы орын алып отырған он бірінші оқиға. Бұған дейін сала мамандары 53 жолаушысы бар Ресейден Қырғызстанға жол тартқан автобусқа да көмек көрсеткен болатын. Бұл жағдайларға байланысты төтеншеліктер жолға шыққанда абай болуға шақырады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...