ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

14:08, 23 қаңтар 2020

Қаңтар айының 21-ші жұлдызында Солтүстік өндірістік аймақта сағат 9-дар шамасында екі әйел адамды көлік қағып кетті.

«ЗАЗ-шанс» көлігін тізгіндеген 48 жаста. Көлік астында қалған азаматша 56 жаста. Облыс орталығының тұрғыны. Ал, екіншісі арнайы белгі қойылмаған жерден жолды кесіп өтпек болған.

Жанар Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Жол көлік оқиғасынан жарақат алғандар жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар