ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖЕР ҮЙДЕ ӨРТ БОЛДЫ

10:33, 22 қараша 2019

Облыс орталығындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, 60 шаршы метр аумақ отқа оранды. Жалынмен арпалысуға өрт сөндіру қызметінің 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Таңғы сағат он жарымда төтенше жағдайлар басқармасына Баянауыл көшесі 110 үй мекен жайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. 2 бөлмеден тұратын жер үйдің ағаш шатыры жанған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер 27 литрлік 5 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Әділбек Меңдібаев, қалалық ТЖБ өрт сөндіру бөлімінің командирі:

Біздің бөлімшеге хабар келіп түсті. Жер үйдің өртке оранғаны туралы. Оқиға орнына келген кезде ғимараттың жанып жатқандығы, яғни жазғы ас үй екендіг және жазғы ас үйдің үлкен үйге қосулы екендігі анықталды, бөлмеде барлығы бар.

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар