ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖЕР ДАУЫ ЖОҒАРЫҒА ЖЕТТІ

13:26, 9 маусым 2020

6 соттық жердің жыры дау-дамауға ұласты. Назарбаев даңғылындағы 46-шы үйдің тұрғындары мен сол ауладағы 6 соттық жердің иесі бір мәмлеге келе алмай дал. Бұл дауға басу айтар ешкім болмаған соң тараптар бақылаушы органға жүгінген.

Бұл көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы темір қоршау тұрғындарды титықтатып бітірді. Олар бұл аулада құрылыс жұмыстарын жүргізгенге наразы.

Любовь Васенёва, Назарбаев даңғылы №46 үйдің тұрғыны:

Барлық жерді жауып тастады. Мына жерде адамдар жүретін жол болған. Ал, әрі қарай балалар алаңы. Балаларға ойнайтын жер қалмай қалды. Баскетбол алаңы да жабылды. Бұл жер құрылыс жүргізетін аумақ емес. Үңдің ауласын жауып тұр. Сондықтан біз қарсымыз.

Тұрғындардың шағымына жергілікті атқарушы билік өкілдері де жедел түрде жауап қатты. Әзірге құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

Ғайнель-Хаят Машрапова, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы:

Қазіргі таңда қалалық жер қатынастар бөлімінің шешімімен іс қалалық прокуратураның қарауына жіберілді. Тексеру жұмыстары 15 күнге созылады. Бұл уақыт аралығында құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды.

Аталмыш жердің иесі Павлодар ауданына қарасты Ольгинко ауылының тұрғыны – Мұрат Сармұрзин. Оның айтуы бойынша бұл 6 соттық жер телімін 2018 жылы анасы салып алған. Бірақ, бірден құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік болмапты. Қыруар қаражатты талап етеді.  

Мұрат Сармұрзин, жер телімінің иесі:

Мен барлық кезеңнен өттім. Жерді сатып алдым. Архитектуралық рұқсат қағазым да бар. Техникалық төлқұжат пен құрылыс жүргізуге құқылы деген құжаттарым да қолымда. Тұрғындардың не үшін наразы екендіктерін түсінбеймін.

Меншік иесінің сөзінше қоршау орнатар кезде тұрғындар тарапынан арыз-шағым көп түскен. Заңды түрде сатып алынған жер екендігіне қарамастан қысым көрсетіп отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Зардап шеккен қос тарап прокуроратураның тексеріс нәтижесін күтіп отыр. Мәселенің мән жайын Ертіс телеарнасының тілшілері бақылауда ұстайтын болады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар