ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМГЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН АЗАМАТТЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

11:59, 12 ақпан 2019

Павлодарда мас ер адам өзінің баласына көмектесуге шақырылған фельдшерге қол көтерген. Оқиға 8-ші ақпан күні «Қарағай орманы» бағбаншылығында орын алды.

Медициналық қызметкерлер ыстығы көтеріліп тұрған баланы ауруханаға жеткізу керектігін айтқан. Бірақ, бұған сәбидің анасы қарсылық білдірсе керек. Ақ халаттылар көлігі мекенжайдан жылжи бере, жедел жәрдемнің диспечерлік пунктіне дәл сол адрес бойынша тағы да шақырту түскен. Оқиға орнына қайта оралған 25 жастағы фельдшер мен санитарға үй қожайыны дөрекі сөйлеп, жұдырық ала жүгірген. Полиция департаменді мамандарының сөзінше, аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 293-ші бабы – бұзағылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйтсе де фельдшер аталмыш дерекке қатысты шағымданудан бас тартқан.

АЛМА МҰСАБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А.

Осы факт бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 239 бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...