ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ? Толығырақ

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУҒА БОЛМАЙДЫ

18:53, 20 тамыз 2019

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, рейдтік шара барысында Ертіс өзенінен бекіре тұқымдас сүйрік балықтарын заңсыз аулаған қала тұрғынын ұстады. Тәркіленген сүйрік балықтарының жалпы салмағы алты келіден артық.

Бүгін таңғы алтылар шамасында өзен порты маңынан бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған бір азамат қолға түсті. Оның заттарын тексеру барысында қапқа салынған жалпы салмағы 6 келі 66 грамм болатын сүйрік балықтары анықталған. Мамандар сол жерде полиция шақыртып, хаттама толтыртты. Алдын ала келтірілген шығынның сомасы 1 млн 682 мыңға жуықтайды. Заңсыз балық аулаушының үстінен қылмыстық кодекстің 335 бабы бойынша іс қозғалды.     

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
11:15, 15 қаңтар 2020
ЛОМБАРДТЫ 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ АЛДАП КЕТТІ
Толығырақ...