
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған 63 жастағы әйелдің жағдайы әлі де ауыр. Қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында ем қабылдап жатыр.
Жазатайым оқиға 7 қаңтарда болған. Жылу трассасындағы шұңқырға әйел адам құлап, денесінің 45%-ы күйіп қалған. Бірден қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, зардап шеккен әйелдің жағдайы әлі ауыр екен хабарлады.
Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Қазіргі таңда бөлімге көшіріглген. Бақылауда ұсталыпнып жатыр. Барлық шаралар жасалып жатыр. Қазіргі жағдайы ауыр. Науқастың жағдайы ауыр.
Самал ҚАЛИҚЫЗЫ