ШҰҒЫЛ! ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕЙДІ Толығырақ

ТҮТІНГЕ УЛАНҒАН АНА БАЛАЛАРЫМЕН БІРГЕ БАҚИЛЫҚ БОЛДЫ

10:51, 14 маусым 2018

Павлодарда бүтіндей бір отбасы қара жамылды... Қос сәбиімен моншаға кірген жас ана өрт түтінінен уланып, үшеуі бірдей оқиға орнында жан тапсырды.

Қайғылы жағдай кеше күндіз мына жер үйде орын алды. Сымдардың тұйықталуынан тұтанған от жапсарлай салынған ас бөлмеден тарап, қызыл жалын монша есігін бөгеп тастаған. Көршілер будақтаған түтінді көріп, бірден дабыл қаққан. Жаны қысылып, жанталасқан 29 жастағы әйел ақыры шыға алмай, 7 және 4 жасар ұл-қызымен  жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды. Қазір «Мейірімділер клубы» бақилық болған жандардың отбасына көмек жинап жатыр. Павлодарлық «нұротандықтар» да қайырымды істен шет қалған жоқ. Қайғыға ортақтасқан ағайын қаржылай көмекті экранда көрсетілген  нөмір мен банк картасына аудара алады.

ОРАЗАЛИ СӘРСЕНОВ, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының кеңесшісі

Бүгін біз «Жас Отан» жастар қанатымен бірге қайғы жамылған отбасына келіп, оларға көңілді айттық. +++ 11:48:09 - Көлік мәселесін шешіп отырмыз және де оларға бата жинап отырмыз.

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар