ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ТҮРМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ

10:49, 6 ақпан 2020

Түрме қызметкерлерінің өздері темір торға қамалды. Павлодарда АП-162/3 мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптаған абақты қызметкерлеріне қатысты үкімді аппелациялық сот қарады.

2016 жылдың ақпан айында АП – 162/3 мекемесінің қызметкерлері, жазасын өтеушілердің ерікті ұйымымен бірлесіп сотталған азамат  А.-ны жүйелі түрде азаптап келген. Адами абыройын төгіп, өз-өзіне қол жұмсау деңгейіне дейін жеткізген. Сондай-ақ, 2016 жылдың  маусымында Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы түрмеден Павлодарға 26 жазасын өтеуші ауыстырылған еді. Ауысып келген сотталғандарды да  мекеме қызметкерлері ұрып-соғып психикалық зақым келтірген. Алған жарақатының салдарынан бір адам қайтыс болды.

Мұратғали Әкетай, облыстық соттың қылмыстық істер бойынша  сот алқасының  төрағасы:

Сот коллегиясының  отырысын ашық деп жариялаймын. Бүгін біз жазасын өтеушілерге қатысты қылмыстық істі қарастырамыз.

Осы оқиғаға қатысты Павлодар қалалық №2 соты 4 қыркүйекте үкім шығарған. Түрме  бастығының тәртіп пен жедел жұмыс бойынша  орынбасары  7 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған 14 адам  5  және 6 жарым жылды мойындарына арқалап кетті. Сондай-ақ, барлық әділет офицерлері өз шендерінен айырылды. Қазір аталмыш іс  аппеляциялық инстанцияда қаралуда.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар