ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТӨРТ ЖОЛДЫҢ ТҮЙІЛІСІНДЕ

16:59, 14 қараша 2019

Назарбаев даңғылы мен Торайғырыов көшесінің қиылысында қоғамдық көлік пен ауыр техника соқтығысып қалды. Сонымен қатар, тағы екі жеңіл көлік зардап шекті. Салдарынан көше қиылысында трамвай қозғалысы жарты сағатқа тоқтап қалды. Полиция кінәлілерді анықтап жатыр.

Назарбаев даңғылымен құлдилап кеп вокзалға қарай бұрылған 11-ші бағыттағы трамвай мен камаз маркалы ассенизатор көлігі соқтығысып қалды. Төрт жолдың түйілісінде трамвай мен камаздың түйісуінен тағы екі жеңіл көлік зардап шеккен. Полция келіп мән-жайға қанық болғанға дейін трамвай қозғалысы жарты сағатқа тоқтап қалды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаға кімнің кінәлі екенін анықтап жатыр.          

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға тіркеуге алынып қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде жол көлік оқиғасының себеп салдары мен кінәлілері анықталатын болады.

Назарбаев даңғылының Торайғыров көшесімен түйілісетін жер шаһардағы көлік қозғалысы ең көп аумақ. Вокзал маңы болғандықтан қалаға кірген шыққан машиналардың дені осы қиылыстан өтеді.   

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...