ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТӨРТ ЖОЛДЫҢ ТҮЙІЛІСІНДЕ

18:57, 13 қараша 2019

Бүгін таңертең Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысында қоғамдық көлік пен ауыр техника соқтығысып қалды. Сонымен қатар, тағы екі жеңіл көлік зардап шекті. Салдарынан көше қиылысында трамвай қозғалысы жарты сағатқа тоқтап қалды. Полиция кінәлілерді анықтап жатыр.

Назарбаев даңғылымен құлдилап кеп вокзалға қарай бұрылған 11-ші бағыттағы трамвай мен камаз маркалы ассенизатор көлігі соқтығысып қалды. Төрт жолдың түйілісінде трамвай мен камаздың түйісуінен тағы екі жеңіл көлік зардап шеккен. Полция келіп мән-жайға қанық болғанға дейін трамвай қозғалысы жарты сағатқа тоқтап қалды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаға кімнің кінәлі екенін анықтап жатыр.          

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға тіркеуге алынып қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде жол көлік оқиғасының себеп салдары мен кінәлілері анықталатын болады.

Назарбаев даңғылының Торайғыров көшесімен түйілісетін жер шаһардағы көлік қозғалысы ең көп аумақ. Вокзал маңы болғандықтан қалаға кірген шыққан машиналардың дені осы қиылыстан өтеді.   

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...