ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ТІЛСІЗ ЖАУ ЕКІ ПӘТЕРДІ ЖАЛМАДЫ

12:06, 16 қазан 2019

Павлодарда бір тәуліктің ішінде тілсіз жау екі пәтерді жалмады. Арнайы 101 нөміріне сағат 12:43-те Малайсары көшесі 37-ші үйде өрт шықты деген шұғыл хабар келіп түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Екінші өрт Максим Горький көшесіндегі 31 мекен жайында сағат 22:22 тіркелді.

Тілсіз жау екі бөлмелі пәтердің балконынан шыққан. Өрт оқиғасы орын алған  кезде пәтер иелеріне көмектесуге ұмтылғандардың бірі Зарина Гиниятова. Ол тілжіз жаудан зардап шеккендердің отбасылық досы. Далаға шығып бара  жатқанда жолдан екі адамды кездестіреді. Олар үйдегі балаларды құтқару мақсатында есікті ашпақшы болады. Аброй болғанда, жасөспірімдер оған дейін далаға шығып үлгеріпті.

Зарина Гиниятова, өрттен зардап шеккен отбасының досы:

Балалар мектепке жиналып жатқан. Үлкен ұлым: Мама, жел немесе тұман сияқты бірдеңе сезіледі деп айтты. Мен терезеге жақындап қарасам, балконның түтіндеп жатқанын түсіндім. Үлкен балам екеуміз бірден далаға жүгіріп шықтық. 6 қабатқа көтерілдік. Қатты түтіндей бастағанда лифтіден шықты.

Алдын-ала болжам бойынша «өрт абайсызда шыққан».  Қазіргі уақытта сараптама жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін, процессуалдық шешім шығарылады. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 29 өрт  сөндіруші және 8 арнайы техникасы жұмылдырылған.

Тілекжан Галямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

Малайсары көшесі 37ші үйде 6 қабатта дәлізде өрт орын алды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метр. Өрт салдарынан дәлізде жиһаз, дәліздің ағаш құрылымдары да өртеніп кетті.  Үй ішінде екі жасөпірім бала болды. Бірақ, олар зардап шеккен жоқ.

Екінші  өрт жағдайы Максим Горький көшесі 31-ші үйде тіркелді. Оқиға орнында 21 өрт сөндіруші мен 4 арнайы техника жұмыс істеп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.  

Тілекжан Галямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

Өрт орнынан 1 адам құтқарылды.  Үйдің иесі 62-шы жылы туылған ер адам. Жедел ауруханаға жеткізілді.  Жеңі күйдегі улы газбен уланған деген диагнозы қойылды. Көп қабатты үйден өрт сөндірушілермен 25 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 8 бала. Өрттің алдын-ала себебі, адамдардың отпен абайсыз қолднуы.

Қазіргі таңда өрт-техникалық сараптама тағайындалып, өрттің шығу себептері анықталуда.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар