ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

СОТ ШЕШІМІ

11:05, 20 ақпан 2020

2018 жылы Павлодар қаласының іргесіндегі Жаңа ауыл елді-мекенінде екі жасөспірім тоққа түсіп, ажал құшқан болатын. Сотталушылардың қатарында 3 адам. Қайғылы жағдайға әкеліп соқтырған іс 1,5 жыл бойы қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қыркүйек айында футбол алаңында ойнап жүрген 12 және 14 жастағы балалар тоққа түсіп, сол жерде мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің біреуі спорт нысанының темір қоршауына шыққанда, қолы 6 киловольтты электр желілеріне тиіп кеткен. Осының салдарынан жанынан торды ұстап тұрған екінші баланы да тоқ ұрады. Тергеу жұмыстары 1,5 жылға созылған іс бойынша – қалалық сәулет және құрылыс бөлімнің бұрынғы басшысы мен Павлодар электр желілерін таратушы компаниясының бас инженері мен «Арыся» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты сот үкімі шығарылды.

Жұлдыз Тілегенова, Павлодар қаласының №2 сотының судьясы:

ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің  387, 393, 395, 398, 401, 402 баптарына басшылық ете отырып, сот Сейісов Айтжан Қабылдыұлын 254-ші бап бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі етіп таныды. Басқарушылық қызметте 1 жыл, облыстық құрылыс саласына байланысты сауда ұйымдарында 3 жыл бойы жұмыс істей алмайды. Өз жазасын қылмыстық-атқарару жүйесінің минималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Істің басқа қатысушылары Тимур Айдарханов ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің  371 бабының 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол басқарушылық қызметтерде 1 жыл бойы жұмыс істеуге құқығы жоқ. Өз жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің минималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Ал Сергей Кириленков аталмыш кодекстің 254 және 104 бабының 2 тармағы бойынша шешім шығарылды. Аталмыш бап бойынша ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Азаматтардың үшеуі де сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар, судья Сейісов, Айдарханов және Кириленко қайтыс болған балалардың отбасына моральдық зиянды өтеу есебіне 5 миллион теңгеден өндіріп алуды туралы қаулы шығарды. Мерт болған Расул Саденовтың анасы Светлана Саденова соттың шешіміне көңілі толды. Алайда, айтуынша, балалардың өліміне себепкер болғандар бұдан да көп.

Светлана Саденова, Расул Саденовтың анасы:

Сот шешіміне көңілім толды. Сотталушыларды шартты түрде мерзімінен бұрын босататын шығар деп ойлағанмын. Жауапқа тартылатын адамдар бұдан көп болу керек. Сол себепті, осы бағытта әлі арыз жазамыз. Олар менің баламды ойламады. Мен оларды неге ойлауым керек? Сол электр бағаналарын орнатқан кезде алдын-ала неге ойланбады?Футбол алаңын балалар үшін жасады ғой. Мен оларды және олардың балаларын аяушылық танытпаймын.

Ал электр желілерін таратушы компания соттың шешімімен келіспейді. Қайғылы жағдай футбол алаңында орын алды. Сол себепті, жауапқа спорт нысанын салғандар тартылуы тиіс дейді компания басшылығы.

Олег Клочков, «Павлодар электр желілерін таратушы компания» АҚ ҚК директоры:

Біздің компания тарапынан мен ешқандай заңбұзушылықтарды көріп тұрған жоқпын. Өйткені, барлық алаңдарда техникалық заңбұзушылықтар бар. Біз олар туралы айтып та жазып та жатырмыз. Бірақ, бізді ешкім тыңдамайды. Жазған хаттарымыз жауапсыз қалады. Менің ойымша, бұл істе мұндай алаңдарды қолданысқа рұқсат беретіндер кінәлі.

Тиісті жаза тағылғанымен, бақилық болған балалар қайтып келмес. Тек, алдағы уақытта спорт нысандарын қолданысқа бермес бұрын барлық техникалық құжаттар мен талаптар сақталса деген тілек бар. Мұндай құрылысқа жауапты тұлғалар өз ісіне адал болса болғаны.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...